Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде (курстық жұмыс)

9969
кітапхана

 

Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.

Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.

Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”.

Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет /1/.

Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң  алатын орны үлкен болуы керек.

Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.

Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш.  Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.

Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық өсу: дамушы елдердегі жүзеге асыру мәселелері” деп алдым.

Бұл тақырыпты алудағы мақсатым жұмыс барысында жалпы экономикалық өсудiң әдiстемелiк негiзi және оның Қазақстандағы ерекшелiгi қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi жақтарын көрсету,  сонымен қатар, экономикалық өсуге басты бағыт болып саналатын Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңдағы атқарып отырған  индустриялы – инновациялы дамуы туралы тоқталу.

Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ, елдiң тұрақты экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзiп отырған мәселелердi анықтау және оның шешу жолдарын табу.

I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТIНДЕ

1.1 Экономикалық өсудiң эволюциясы

Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды  әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:

  • Неокейнстiк;
  • Неоклассикалық;
  • Тарихи-әлеуметтiк.
  • кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
  • классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды /4/.

Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және   XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты орында болды.

Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық  (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); /4/.

Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс қатынастары бұзылуы нәтижесiнде классикалық теорияның экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi.  Осы дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.

Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.

Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады.

Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы ( K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал /5/.

Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi.

Неоклассикалық модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:

  1. Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз еңбек және капитал комбинациясы санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк беретiн.
  2. Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың тұрақты экзогендi өсу қарқыны, ал адам-сағат та тұрақты өседi.
  3. Жинақ функциясы.
  4. Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi

Яғни неоклассикалық модельде басты орында өндiрiстiк функция тұрады /5/.

Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ. Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк, қаржы кеңiстiгi экономиканы мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды.

Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн арттырып, жапониядағы экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды. Жапонияның экономикада көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-iн, ал қалған жылдары 90% iн қамтыды.

АҚШ-тың экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң көзiн құрту немесе әлемдегi лидерлiк позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты алмастыруға байланысты.

Жапондық моделден өзгешелiгi Американдық экономикалық модель статистикалық көрсеткiштерге бағындырылады. АҚШ-та мемлекеттiк реттеу негiзiнен сырқты саясатта жүргiзiледi /8/.

1.2 Экономикалық өсудiң  үлгілері мен  факторлары

Қазiргi экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндiргiш күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң табиға дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiн атайды.

Соңғы жүзжылдықта дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерiнде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың  өсуi кеңiнен тараған құбылыс болып есептеледi.  Экономикада болып отыратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi қарқыны ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi – бұл экономикадағы жаңа құбылыс /3/.

Экономиканың өсуiн өлшеудiң екi жолы бар:

  • Макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуi (ЖҰӨ,ЖIӨ, ТҰӨ, ҰТ) арқылы;
  • Әлеуметтiк институттар үрдiсiнiң өзгерiсi (жеке меншiк құқығы құрылымының өзгеруi, өндiрiстi ұйымдастыру және бөлу формалары) /5/.

Әрине қандай пән болмасын оның өзiнiң басқалардан ерекшелеп тұратын факторлары және түрлерi болады.

Экономикалық өсу факторларына нақты өндiрiс көлемiнiң кеңеюiмен байланысты оның өсiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын анықтайтын үрдiстер.

Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.

Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:

  • еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;
  • негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;
  • өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;
  • табиғи ресурстардың айналымының сандық және сапасының артуы;
  • қоғамды ксiпкерлiк қызметтiң дамуы.

Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:

  • нарықты монополизациялаудың төмендеуi,
  • өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,
  • пайдаға салықтың төмендеуi,
  • несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т.б. /2/.

Экономикадық өсу экономикадағы прогрессиялық қозғалысқа байланысты деп бiр анықтама келтiрсек ал екiншi экономикалық өсу бұл халық басына шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi.

Егер әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе  алғашғы анықтама қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:

  1. Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды.
  2. Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады.
  3. Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс
  4. Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты.
  5. Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.

Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:

  1. Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
  2. Бос уақыттың өсуi.
  3. ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi.
  4. Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi /8/.

Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:

  • өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар

бойынша нақты бөлу;

  • шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды

бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.

Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі  ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.

Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі.

Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.

Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің  экстенсивті түрін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.

Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының  бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт — бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу  абсолюттік және салыстырмалы  мөлшерде өлшенеді.

Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу  жылдық өсу қарқынымен анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.

Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.         

Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми — техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады: еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын.

Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі және әрібір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

DҮ=Үt –Yt-1  немесе    Yt =DYt /Yt-1,

t- уақыт индексі.

Егер экономикалық өсу  сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.

Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.

Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз   экономиканың өсуінің  өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домор  үлгісі болып  табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домор үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол — капитал.

Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

DYAD =DI * m=DI(1/1-b) =DI1/s

m-шығын   мультипликаторы

b-тұтынуға шекті бейімділік

s-қор жинағына шекті бейімділік

DYA =a* DК-жиынтық ұсынысының өсуі.

a-капиталдың шекті өнімділігі

Капиталдың DК өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі, осыдан DYA=a*І.

Экономиканың өсуінің тее-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілудің шартында пайда болады.

DI/s=a*І немесе DI/І=a* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.

Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, І|=S, ал S=sY; s=const  болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропоционал болады, сонда DY/Ү= DI/І=a* s

Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы  нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының нормаларына тура пропоционал немесе DК/DҮ- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.

Егер үлгіде берілген деңгейде жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық  тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.

Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып  Р.Ф. Харрод (1939ж) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.

Акселератор принципіне сай, табыстың кез-келген өсуі капитал салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың  өзгеруіне пропорцианалды:

It =v(Үt –Yt-1         )

Мұндағы v-акселератор.

Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.

1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты  интенсивтi және экстенсивтi  түрлерi болады.

        Экстенцивтi түрiне:

  • Технологияда инвестицияның артуы;
  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенцивтi факторларға:

  • Ғылыми техникалық прогрест дамыту;
  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы;
  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;

 

 

Экономикалық өсудi өлшеу әдетте келесi көрсеткiштерден тұрады:

  • ЖIӨ-нiң өсуi немесе ұлттық табыстың өсуi;
  • ЖIӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының жан басына шаққандағы мөлшерi;
  • Өндiрiстiк саладағы жан басына шаққандағы өсу қарқыны.

Экономикалық өсудiң тиiмдi жақтарымен қатар егер ол дұрыс iске аспаса адамзат баласына зиянды жақтары да бар. Оған мысал ретiнде экологиялық проблемаларды алуға болады   / 8 /.

Нақты өмiрде экономикалық өсудiң экстенсивтiк немесе интенсивтiк типтерi таза түрде болмайды. Ғылыми техникалық жетiстiктердi (ҒТП) енгiзунегiзiнде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетiлдiру, қашан болмасын өндiрiс құрал-жабдықтарын және жұмысшы күшiне инвестициялар салымын жасауды талап етедi. Жұмысшы күшi мен құрал-жабдықтардың өсуi, олардың сапалық сипаттамаларына өзгерiс енгiзедi. Сондықтан нақты экономикалық өсудi талдағанда, оның теориялық үлгiсiн емес, өсу типтерiн басымырақ экстенсивтiк және басымырақ интенсивтi деп бөледi.

Өндiрiсте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестiгiн белгiлейтiн макроэкономикалық көрсеткiштердiң өзгерiстерiне әсер етуiне байланысты ҒТП бiрнеше түрге бөлiнедi.

Егер ҒТП дамуында еңбектiң капиталмен жабдықталуының әрбiр белгiленген шамасына өндiрiс факторларының шектi өнiмдiлiгiнiң ылғи бiр ғана көрсеткiшi сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады. /2/.

Егер еңбектiң капиталмен жабдықталуы белгiленген жағдайда шектi еңбек өнiмдiлiгi капиталдың шектi өнiмдiлiгiнен тез өсiп отырса, экономикаға еңбектi үнемдейтiн техникалық прогресс тән болады. Керiсiнше жағдайда – шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны мен шектi капитал өнiмдiлiгiнiң арақтынасы керiсiнше болғанда ҒТП капитал үнемдейтiн типi пайда болады.

Егер ҒТП дамуында белгiленген еңбек өнiмдiлiгiнiң орта дәрежесiне еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң бiрдей шамасы сәйкес келсе, онда осындай түрi Солоу бойынша бейтарап деп аталады /2/.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

  1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
  4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде. /15/

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

  • экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
  • экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
  • интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.

Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :

  1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады.

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты  интенсивтi және экстенсивтi  түрлерi болады.

Экстенцивтi түрiне:

  • Технологияда инвестицияның артуы;
  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенцивтi факторларға:

  • Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы;
  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;
  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
  • Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi.

Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенцивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

II ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ

  • Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен мәселелерi (Оңтүстiк Корея мысалында)

Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.

Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:

  1. Жоғары дамыған елдер;
  2. Дамушы елдер;
  3. Даму жағынан артта қалған елдер /4/.

Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.

Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады /10/.

Қазiргi әлемдiк экономикада шикiзат бағыттағы экономиканың дамуы тұрақсыз болып келiп, ол әлемдiк рыноктағы шикiзат бағаларының өзгеруiне тәуелдi болады. Бүгiнде шикiзат бағытындағы елдер даму жағынан артта қалған және экономикасы тиiмсiз жағдайда болып отырған дамушы елдер айналысады. Өз кезегiнде шикiзат бағытындағы экономиканың шығындары көп болып, ол қоршаған ортаға, жалпы қоғамға өз зиянын тигiзедi.

Ал дамушы елдер iшiнде индустриялы-инновациялы, технологиялары дамыған және өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытып, қалдықсыз өнеркәсiптi iске асырып отырған әлемдегi жаңа индустриялы елдердi атап өтсек болады. Олардың iшiнде экономиканы қысқа мерзiмде тиiмдi реформалап, дамудың жоғары дәрежесiне жеткен Оңтүстiк-Шығыс Азияның елдерiн атауға болады. Бұл елдер 20-30 жыл iшiнде әлемдiк шаруашылықта “Азия жолбарасы”, “Азия айдаһары” деген атпен дүниежүзiне белгiлi болды. Бұл елдерге:

  1. Оңтүстiк Корея;
  2. Тайван;
  3. Китай;
  4. Сингапур;
  5. Малайзия;
  6. Индонезия;
  7. Гонконг елдерi жатады /7/.

Бұл аталған дамушы елдердiң барлығы экономиканың шикiзаттық бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы, жоғары технологиялы жолына түсiп, бүгiнде әлемдегi дамыған жетiлiк елдермен бәсекеге түсуде.

Олардың мұндай өсудiң жоғары деңгейiне және тиiмдi экономикалық жолға түсуiне осы елдерде жүргiзiлген экономикалық реформалардың жемiсi деп айтсақ болады. Бұл елдерде мемлекет тарапынан экономиканы тиiмдi реформалау кезеңдер арқылы және даму стратегиялары арқылы iске асты.

Әрине Қазақстан Республикасы үшiн экономикалық өсудiң жоспарын жасауда осы елдерден үлгi алу бiздiң ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы елдердiң экономикалық дамуының ерекшiлiгiн талдап, оның елiмiз экономикасы үшiн қолайлы жақтарын анықтау бүгiндегi тапсырмалардың бiрi. Осылайша мен мысал ретiнде осы шетелдердiң экономикалық өсуiнiң процесiне тоқталып өтудi жөн көрдiм.

Осы дамушы елдердiң бiрi, бүгiнде әлемдегi әйгiлi жетiлiкке бәсекелес болып отырған Оңтүстiк Корея Республикасы. Бүгiнде бiрде-бiр ел өзiнiң жаңа өнеркәсiп салаларының дамуы, экономикасы жағынан Жапония, АҚШ және Еуропа елдерiмен бәсекелес бола алмаған едi. Ал қазiр Оңтүстiк Корея компаниялары мен фирмалары электротехника, метал өнiмдерi, машина жасау, текстильдi және т.б. тауарларды өндiруде жоғары табыстарға жетiп, жаңағы аталған дамыған елдермен бәсекеге түсуде.

Оңтүстiк Кореяның әлемдiк саудадағы үлесi 80-шi жылдары 10%-ға өстi. Сол уақытта Оңтүстiк корея Рспубликасы темiр бұйымдарын экспорттаудағы үлесi 57%, 52,4% — түссiз телевизорлар экспорты, 41,8% — ақпаратты талдау құрылғылары, 40,9% — ер адамдар көйлегi мен синтетикалық маталар, 32,2% — металдық контейнерлер экспорттады /7/.

Кореяның өткен ғаысрдың соңғы ширегiндегi ЖҰӨ-нiң орта жылдық өсуi 8,5% төңiрегiнде болып отырды. 1971 жылы өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi жалпы өндiрiстiң 20%-ын құраса, ал 1980 жылдары бұл көрсеткiш 30%-ға жеттi.

Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып, ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.

Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды 1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға бағытталды /7/.

Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл өнеркәсiпке салынды.  Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.

Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.

Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар негiзiнде қызмет еттi.

Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi кезеңiнде жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы елдiң қажеттi деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi.  Шетел инвестициялары арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық негiзде жұмыс iстедi /6/.

Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар келесi талаптарға жауап бере алса:

  • Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
  • Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын 60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
  • Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен араласапауы қажет /7/.

Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық аймақтардың болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам арнайы өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек етедi.

Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады. Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге белгiлi.

Корея дамыған елдерден нақты экономикалық көрсеткiштердiң шамасымен оларға жете алмауда. Мысалы, 1991 жылы ЖҰӨ АҚШ-та 4,5 млрд. доллар, Жапонияда 2,7 млрд. долларды құраса, ал бұл көрсеткiш Оңтүстiк Кореяда 119 мың доллар болып отыр. Сондай-ақ iрi компанияларының табыстары әлемдегi дамыған елдер iрi компанияларының табыстарынан көп артта болып табылады. Бүгiнде “Самсунг” компаниясының табысы 20 млрд. доллар, ал “Ниссан” компаниясының табысы 33 млрд. егер Кореяда 1962 жылы жан басына шаққанда ЖҰӨ-нiң көлемi 87$ болса, ал 80-шi жылдары бұл көрсеткiш 3000$-ға жеттi /7/.

Оңтүстiк Кореяның шетелдiк энергетикалық ресурстардың қайнар көзiне мұқтаждығы Жапония, Тайвань, Сингапур сияқты жоғары болып табылады. Елде табиғи ресурстардың көзi өте аз. Сондай-ақ елде әскери шығындарда жоғары, өйткенi жаңында Солтүстiк корея Республикасы орын тепкен. Елдегi әскери шығындарға ЖҰӨ-нiң үлесi 5% , ал Жапонияда әскери шығындар ЖҰӨ-нiң 1%-ын құрайды.

Коорея елiнiң экономикалық өсiмiнiң басты факторларының бiрi елдегi жұмыс күшiнiң арзан болуы. Оған себеп корей халқының ұлттық менталитетi, яғни халықтың еңбек сүйгiштiгi, тыянақтылығы, жұмыс берушiлерге жауапкершiлiкпен қарауы екендiгi белгiлi. Мысалы, 1985 жылдары Жапонияның жұмысшыларының еңбекақысы жылына орта есеппен 14,1 мың АҚШ долларын құраса, ал Кореяда бұл көрсеткiш 3,6 мың доллар болды. Сондай-ақ елдегi жұмысшы күшiнiң арзан болуы шетел инвесторлары үшiн қолайлы ортаны қалыптастырды /6/.

Сонымен соғыстан кейiнгi жылдары Корея экономикалық өсуiн үш кезеңге бөлуге болады:

Бiрiншi кезең (1961-1965ж.ж.) – ел алдындағы негiзгi мәселелердi анықтау, дамудың тиiмдi жолдарына экононмиканы бағыттау. Бұл кезеңде кономиканың негiзгi бағыты жылдам және тиiмдi түрде ел экономикасын индустриялау, ол үшiн шетел инвестицияларына қолайлы ортаны қалыптастыру;

Екiншi кезең (1966-1980ж.ж.) – экономикалық саясаттағы даму модельдерiн жан-жақты қолдау және өсудiң жаңа көздерiн үзбей iздестiру. Экономикадағы өндiрiстi қатаң түрде экспортқа бағыттау, осы мақсатта импортқа қатаң түрде мемлекеттiк реттеу жүргiзу;

Үшiншi кезең (80-шi жылдардан кейiнгi) – алдағы кезеңдердегi жетiстiктердi максималды деңгейге жеткiзу, әлемдiк экономикалық қатынастарда елдiң тиiмдi стратегияларды қолдануы, әлемдiк бәсекелестiкке төтеп беру үшiн және дамыған елдерден қалмау үшiн ғылыми-техникалық , инновациялық секторды, елдiң сыртқы экономикалық және қаржылық қызметiн, индустриялық дамуға басты көңiл бөлдi /7/.

Бiрiншi кезеңде елде экономиканы экспортқа ынталандыру мақсатында келесi шаралар жүргiзiлдi:

  • Шикiзаттар мен материалдар импортына кедендiк тарифтердi алып тастау;
  • Импортталатын тауарларға, жартылай фабрикаттарға, комплекстiк өнiмдерге, экспортқа бағытталған өнiмдерге, делдалдық қызметтерге жанама салықтарды алып тастау немесе жеңiлдiктер беру;
  • Экспортқа бағытталған өнiмдер шығарушы компанияларға, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етушiлерге тарифтер мен салықтарды азайту немесе алып тастау;
  • Фирма табысына тiкелей салықтарды азайту;
  • Экспортқа бағытталған өнеркәсiп орындарына мемлекеттiк субсидиялар мен гранттар бөлу.

Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап дамыды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға, шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж. мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу инстииуты “Корей Ғылым және технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық шетел технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін жән технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес келетін ЖОО  KAIST- (Korean advances Institute of Science and Technology) ашылды. Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау саясатын жүзеге асыруға көмектесті /6/.

80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.

Кореяда 1997-2002 ж.ж арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен елдің 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады /7/.

Осындай экономикалық өсудi реформалаудың кезеңдер арқылы жүргiзiлiп және нәтижесiнiң орындалуына қатаң түрде бақылау жүргiзу себебiнен, елдегi индустриялық-инновациялық дамуды негiзгi орынға шығарудан бүгiнде Кореяда 50-ден астам әлемге белгiлi iрi өнеркәсiптiк-қаржылық компаниялар мен ұйымдар бар. Олар елдiң ЖҰӨ-нiң төрттен-үш бөлiгiн құрап отыр. Бұл iрi компониялар iшiндегi “Самсунг”, “Хюндай”, “Голдстар”, “Дэу”, “Санкен” және т.б. iрi компанилар әлемдегi бәсеке қабiлеттiлiк деңгейi жоғары екенi белгiлi.

  • Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi

Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды.

Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi төмендедi.

Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк – экономикалық саясаты арқылы iске асырылады. Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы деңгейiмен өлшенедi.

Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:

  • Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
  • Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
  • Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
  • Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
  • Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).

Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол  реформаларға:

  • Экономиканы жекешелендiру;
  • Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
  • Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;
  • Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
  • Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу;
  • Ауыл шаруашылығын реформалау;
  • Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;

Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп, елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр. Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады.

ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38,5% болды. Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен және инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан бастап экономикалық даму сатысына өттi.

1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн айналымға жiберу отандық товарлардың бәсекелестiгiн қалыптастырды. Сол жылы ЖIӨ-нiң өсуi 1,7%-ке жеттi. Отандық товар өндiрушiлердiң қызметтерiн активизациялау, iшкi және сыртқы рыноктағы сұраныстың өсуi бұл негiзгi 1999-2001 жылдардағы экономикалық өсу болды. Нақты ЖIӨ 2000 жылы 9,8%, ал 2001 жылы оның өсу қарқыны 13,5%, 2002 жылы 10,5% құрады, 2004 жылы 8,4%, 2005 жылы 9,1% және 2006 жылы 9,6% құрады.    / 13 /.

 

Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала — өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.

Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер  баршылық.

Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде. Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға  өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды /10/.

2006 жылдың 1-ші наурызындағы Елбасымыздың халыққа кезекті Жолдауында Қазақстан алдағы уақытта әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі керек деп алдыға үлкен мақсат қойды. Ал бұл бағдарламаларды іске асырып, экономиканы тиімді және бәсекеге қабілетті етіп дамыту үшін ең бірінші қаржы көзінің негізі болып табылатын және кәсіпорындарды ынталандырудағы маңыздылығымен ерекшеленетін инвестициялар болып табылады.

Қорытынды

Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi  болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi.

Осы уақытқа дейiн жүргiзiлiп келген экономикалық бағдарламалар өз жемiсiн бере бастады, жекешелендiру өзiнiң нәтижесiн берiп, нарықтық қатынастар орнап, экономикалық адамдар пайда болды. Сондай-ақ ел экономикасы 1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен жаңа даму сатысына өттi. Елде жұмыссыздық деңгейi азайып, инфляция деңгейi төмендедi. Қазiр елiмiз ТМД елдерi iшiнде нарықтық қатынастар неғұрлым толық қалыптасқан, ЖIӨ-нiң өсу қарқыны жағынан алдынғы қатарда. Сонғы жылдары елiмiздегi ЖIӨ көлемi 10% деңгейiнде болып отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткiш.

Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi.

Елiмiздiң экономикалық даму барысында бүгiнде көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:

  • демографиямыздың әлсiздiгi және көп ұлттылық;
  • бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
  • әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
  • кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық артта қалуы;
  • өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;
  • ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;
  • халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;
  • ел территориясында глобалды және өңiрлiк экологиялық проблемалардың көптеп болуы;
  • елiмiзде туристiк индустрияны дамытудың қолайлы жақтары бола тұрып, оның тым мардымсыздығы;

Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық Қазақстан Республикасының алдындағы мiндетi десек артық болмас.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Н.А. Назарбаев. // “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.
  2. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
  3. Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
  4. Шумпетер Й. /  Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.
  5. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. —  Макроэкономика: — Оқулық. – Алматы: Экономика, — 2003. – 432 бет.
  6. Соколова М.С. Управление наукойи техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2002 г.
  7. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
  8. Купешова Сауле Телеухановна     “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан.” – диссертация. Алматы, 2002 г.
  9. Есентугелов А.  Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК  //  Аль-Пари. №6, 2000 г.
  10. Мэнкью Н.Г.  Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
  11. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
  12. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы,   Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
  13. «Қазақстан – 2030 Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде» // Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 28 ақпан, 2007 жыл.
  14. Статистика Казахстана. Алматы, — 2006 г.