Елде 21 мыңнан астам кибершабуыл оқиғасы анықталды

21
Фото: hyser.com.ua

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті бұзу бойынша 21 мыңнан астам оқиға анықталды. Мұндай мәліметті finprom.kz ұсынды.

Кибершабуылдардың ең көп таралған жағдайлары — ботнеттер: 17,7 мың оқиға. Ботнет немесе зомби-желі — арам ойлыларға басқа адамдардың машиналарын иелерінің қалауынсыз қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін зиянды бағдарлама орналастырылған компьютерлер желісі.

Сектордағы инциденттер арасында екінші орынды фишинг алады: 883 оқиға. Бұл компьютерлік алаяқтықтың негізгі мақсаты — жәбірленушіні қаскүнемді өзіне қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін алдау.

Сонымен қатар, зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурстардағы бұзу, қызмет көрсетуден бас тарту (DDoS-шабуылдар) және т. б. сияқты оқиғалар тіркелген.

Cybersecurity Ventures болжамына сәйкес, 2019 жылы бүкіл әлемде хакерлік шабуылдар әр 14 секунд сайын болған, 2021 жылға қарай олардың жиілігі әр 11 секунд сайын деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, 2021 жылға қарай киберқылмыстан болатын жаһандық залал 6 трлн долларға жетеді деп болжанады.