Астана, Алматы және Павлодарда электрондық еңбек биржасы істей бастады

802
электрондық еңбек биржасы
Фото: abctv.kz

Астана. 4 қазан. 7kun.kz — Пилоттық тәртіпте Астана, Алматы және Павлодар қалаларының кәсіпкерлері қызметкерлерді таңдау қызметін қолдана алатын, электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) іске қосылды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электрондық еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бұл бар бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді. Компаниялар үшін жаңа жан-жақты тәртіп енгізілген. Яғни бос жұмыс орындарын, халықты жұмыспен қамту орталықтарына (ХЖҚО) міндетті түрде келіп қатынаспай ұсынуға болады.

Компанияларға  тек жұмыспен қамту орталықтарына біліктілік деңгейі көрсетілген қажетті кадрлар, еңбекақы көлемі туралы және басқа да талап етілетін ақпараттарды жолдау ғана қалады. Кәсіпкерлердің талаптарына сай қызметкерлерді таңдау бойынша одан әрі барлық жұмыстарды ХЖҚО өзі толықтай жүзеге асырады.

Кадрларды кәсіби негізде таңдауда жұмыс берушілердің мүдделерін сақтау үшін, Астана, Алматы және Павлодар қалаларының жұмыспен қамту орталықтары ықтимал үміткерлермен сұхбаттасуды ұйымдастыруға өз алаңын ұсынады.

Қазіргі уақытта компаниялар және жұмыспен қамту бойынша жеке агенттіктерге электрондық еңбек биржасына (enbek.kz) жеке кабинетін тіркеуге және өз бос жұмыс орындарын орналастыра алады.

Қазақстан бойынша 2018 жылдың қаңтарында жаңа сипаттағы жұмысты толықтай іске қосу жоспарланған.

Айгүл Хожантаева