ЖаңалықтарТаңдаулы1

Елімізде компаниялар көбейіп жатыр

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz — 2018 жылы 1 шілдеде Қазақстандағы заңды тұлғалар саны 270,7 мыңға жетті. 2017 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10% артты.

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, заңды тұлғалардың 261,4 мыңы қоластында 100-ге жуық адамы бар шағын бизнестер болып табылады. Мұндай кәсіпорындар еліміздегі заңды тұлғалардың 97% құрап отыр.

Ал тіркелген заңды тұлғаларға келер болсақ, олардың саны 2018 жылы 1 шілдеде 427 мың болды. Өткен жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,2% көбейді. Оның 418,5 мыңы — қоластында 100-ге жетпейтін жұмысшылары бар шағын бизнестер.

Tags

Осы айдарда

Close