Енді бизнесті тек бизнес тексеретін болады

575
бизнес
Фото: inforesist.org

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Болашақта кәсіпорындар салықтық міндеттерін төлеу үшін, арнайы заң жинағына, салықтық несие енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов хабарлады.

Сонымен қатар, салықтық заң жинағына кеңесшілер институты, қашықтықтық аудит және салықтық несие еңгізіледі.

Дәленовтің айтуынша, «Салық және кеден саясатын оңтайландыруға» арналған 37 қадам бойынша жаңа салық және кеден кодекстерінің жобалары әзірленді. Одан бөлек, салықтық тексерістердің жартысын аутсорсингке беру керек деді ол.

«Басқаруды оңтайландыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Біз салық төлеуге көмектесу кажет деп есептейміз. Жиі тексерістердің жартысын аутсорсингке қалдырайық. Бизнесті тек бизнес тексеретін дәрежеге жеткіземіз. Жасыл аймаққа кіргендер жайлы мүлде ұмытамыз. Егер біреу сары немесе қызыл аймаққа түссе ол жерге көмектесу керек немесе шұғыл тексерістер жіберуіміз қажет», — деп атап өтті Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі.

Дінмұхаммед Алдаберген