Енді eGov порталында сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты тексеруге болады

Астана. 23 қараша. 7kun.kz – eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында жемқорлық қылмыс туралы ақпарат алу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сайтында хабарлады.

Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен:

  • азаматтық қызметке кіру кезінде;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде

сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады. Бұған дейін ондай мәліметтер Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті арқылы берілді.

«Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың болашақ қызметкерлері үшін қажет. Біз уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны онлайн форматқа ауыстырдық. Сонымен қатар, бұл қызмет түрі танымал, іске қосылған сәттен бастап 98 мыңнан аса адам мәлімет алды. Жақын арада біз қызметті үшінші тұлғалардың сервисі арқылы іске қосамыз», — деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

eGov.kz порталында жаңа қызметті алу үшін пайдаланушылар:

— порталда авторланудан өту;

— басты бетте «Азаматтарға» — «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» — «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімін таңдау қажет;

— «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;

— қызметке ЭЦҚ қою және алу.

Қызмет көрсету мерзімі:

— 10 минут;

— қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні;

— қосымша тексеру жүргізілген жағдайда, 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды алған сәттен бастап 20 жұмыс күні өткен соң қайта өтініш беру қажеттігі туралы аралық жауап жолданады.