Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz - Енді прокуратура қызметкерлері кәсіпкерлердің Қазақстандағы жұмысын орталық ұйымның арнайы рұқсатымен ғана тексере алады. Бұл туралы бас прокурор Жақып Асанов мәлімдеді.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Прокуратура туралы» заң жобасы мақұлданды. Бұл заң прокурорлардың кейбір өкілеттіліктерін шектеуге бағытталған.
«Бүгінгі менің басты міндетім «Прокуратура туралы» заң жобасын таныстыру. Конституцияның 83-бабына өзгеріс енгізілді. Прокуратураның енді 3 негізгі мақсаты айқындалды. Ол жоғары қадағалау, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және қылмыстық қудалау», - деп атап өтті бас прокурор Жақып Асанов.
Асанов «Прокуратура туралы» заң жобасының қандай мәселелерді реттеуге бағытталғанын түсіндірді. Оның айтуынша, жоба жоғары қадағалауды реттеуге арналған. "Осылайша, біз «қоғамдық мүддені прокуратура қалай қорғайды» деген сұраққа біз жауап беруге тырыстық", - деді ол.
Одан кейін Бас прокурор жаңа заңның негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.
«Ең бастысы заңның негізгі принциптері мен міндеттері өзгеріссіз қалды. Ол - адам құқығын қорғау, заңдылықты сақтау, координация. Оның барлығы біздің міндетіміз болып қалады. Екіншіден, енді қадағалау шексіз болмайды. Конституцияға сай оның нақты ауқымы бекітілмек. Жаңа қадағалау 3 формада жүргізіледі: тексеру, талдау және құқықтық актілерді бағалау. Бұрынғыдай бас аяғы жоқ тексеру тоқтайды. Басты құрал – анализ. Ең алдымен статистика, мәліметтер, БАҚ-тағы ақпараттарды сараптаймыз. Ешқайда барудың, ешкімді мазалаудың қажеті жоқ. Қазір IT-технология дамып жатыр. Кез келген заң бұзушылықты кабинентте отырып-ақ, талдау жасап, оны анықтауға болады. Бірақ ол үшін үлкен білім мен біліктілік қажет», - деді Асанов.
Осы орайда ол заңның тиімді екендігін айтты. Яғни алдағы уақытта прокурорлар өз бетінше бизнесті тексере алмайды. Тек қылмыс болған жағдайда ғана, бірде-бір прокурор араласпайды. Кемінде бас прокурордың шешімі қажет. Асановтың мәліметінше, прокурор мемлекеттік органдарды тек екі жағдайда тексеретін болады. Біріншісі, егер мемлекеттік орган өзін-өзі қорғауға қабілетті емес болса немесе жаппай адамдардың құқығы бұзылып жатқан кезде.
Екіншісі, мемлекеттік органның жұмысы адамдардың өміріне немесе қоғамға қауіп төндіріп жатса.
Өтініштер бойынша да осындай шектеулер бар. Егер шағым түссе прокурор ең алдымен оның қай мемлекеттік органның міндеті екендігін анықтайды
Алайда Асанов аталған шектеулердің барлық органдарға қатысы емес екендігін айтты.
«Бұл шектеулер барлық органдарға қатысты емес. Бақылау, қадағалау сияқты бизнесті тексеретін 60 шақты орган бар. Оларға талап бөлек. Егер міндеттерін дұрыс орындамаса, шектен шығып жатса, прокурор әрине ондай іске араласуға құқылы болады», - деп сөзін аяқтады бас прокурор.
Тэги:
- 7kun.kz
- компаниялар
- 7күн кз
- Жақып Асанов
- Бас прокурор
- бүгінгі жаңалықтар
- бизнес жаңалықтары
- прокуратура
- прокуратура қызметі
- прокуратура қызметкерлері бизнесті тексереді
- бизнесті тексеру қадағаланады
- жоғары қадағалау
- сотта мемлекеттің мүддесін білдіру
- қылмыстық қудалау
- Прокуратура туралы заң
- мемлкеттік органдардың жұмысы
- бизнесті бақылау қатаңдайды
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024