Еркін Әмірханов «Павлодарэнерго» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті
Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – «Павлодарэнерго» АҚ еншілес ұйымы директорлар кеңесі өзгерді. Бұл туралы шешім Орта Азиялық электроэнергетикалық корпорациясы (ОАЭК) акционерлерінің кезектен тыс жиналысында қабылданған.
Айта кетейік, «Павлодарэнерго» АҚ ОАЭК еншілесі. 2000 жылдан бері жұмыс істеп келген компания Павлодар облысында энергиямен кешенді қамтуға, яғни энергияны генерациялау, тасымалдау және сатуға жауапты. Бұған дейін компанияны Еркін Әмірханов басқарып келген еді. Алайда 2017 жылдың соңында ОАЭК директорлар кеңесі компания президенті Еркін Әмірхановтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Оның орнына Сергей Кан тағайындалған еді.
Артынша Еркін Әмірханов директорлар кеңесінің мүшелігінен де кетті.
Қазіргі кезде «Павлодарэнерго» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы төмендегідей:
- Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы
- Перфилов Олег Владимирович
- Карягин Андрей Валерьевич
- Нигай Александр Данилович
- Табанов Эльдар Рашитович
- Андреев Геннарий Иванович
Еркін Әмірханов Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша, «Қазақстандағы ең бай бизнесмендер – 2017» рейтингісінде 40-орынды иеленді.
Еркін Әмірханов «ОАОЭК» АҚ дауыс беретін акцияларының 31 пайызын иеленеді. Оның байлығы, Forbes Kazakhstan бағалауы бойынша, 135 млн долларды құрайды.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024