Еуразия даму банкі мен «Ресей Экспорттық Орталық» серіктес болды

даму
Фото: Sandstone

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Еуразия даму банкі (ЕАДБ) және «Ресей Экспорттық Орталық» АҚ ЕАЭО елдерімен тауар айналымын арттыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісімнің мақсаты — экспортқа бағытталған жобалардың қаржы ресурстарына және тараптарға қолдау көрсету шараларына қол жеткізуді қамтамасыз ету мен жеңілдету бойынша ынтымақтастықты орнату және дамыту.

Келісімде ресейлік өндірістің тауарлар мен қызметтер экспортымен байланысты мәмілелерді сараптау сияқты ынтымақтастық салалары қозғалған. Экспортты қолдау үшін қаржы құралдарымен ынтымақтастық, нарықты қорғаудың тарифтері, тарифтік емес кедергілер, ЕАЭО елдерінде экспорттық қаржыландыру, басқа ұйымдармен тиісті қарым-қатынасты дамыту қарастырылады.

Ынтымақтастық аясында тараптар бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға, әлеуетті мәмілелер туралы ақпарат алмасуға ниет білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!