Еуразиялық банктің басқарма төрағасы ауысты

393

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Еуразиялық банктің басқарма төрағасы болып Павел Логинов тағайындалды. Ол бұл лауазымға кеше кіріскен.  Банкті 2009 жылдан бері басқарып келген Майкл Эгглтон қызметінен кетті. Бұл туралы ақпаратты бүгін банктің баспасөз қызметі таратты.

Қаржы институтының хабарлауынша П.Логинов банк саласында 20 жылға жуық қызмет істеп келеді. Бұған дейін «Российский кредит», «ОНЭКСИМ Банк», «Росбанк», «Меткомбанк»  және «Новикомбанкте» еңбек еткен.

Еуразиялық банктің жалғыз акционері «Еуразиялық қаржы компаниясы». Оған әрқайсысы  33,33 пайыздан  Алиджан Ибрагимов, Александр Машкеевич, Патох Шодиев ие.

ҚР Ұлтттық банкінің қаңтар-қыркүйектегі есебі бойынша 34 банктің ішінде активі жағынан 10 орында.