Еуразиялық банктің шығыны 26 пайызға артты

219
банк
Фото: Millioner.kz

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Еуразиялық банктің шығыны 8,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда (6,7 млрд теңге), шығынның көлемі 26 пайызға артқан.

Ал салық салу шығыны 5,3 пайызға азайған, барлығы 8,4 млрд теңгені құрады. Ал операциялық кіріс көзі 30,4 пайызға көбейген (16,4 млрд  теңгеден 21,4 млрд теңгеге дейін).

Таза комиссиялық табыс 3,9 млрд теңгеден 7,4 млрд теңгеге дейін 1,9 есе артты. Ал таза пайыздық кіріс жарты жыл ішінде 1,9 пайызға кеміп, 16,5 млрд теңгені құрады.

Банк активтері 2017 жылдың 31 маусымында 3,9 пайызға артты (1 трлн теңгеге жетті).

Ал міндеттемелер 4,6 пайызға көбейіп (952,1 млрд теңге), банк капиталы 92,9 млрд теңгені құрады (2,4 пайызға азайды).