Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропа қалаларындағы демалыс құнының рейтингісі жасалды

Еуропа қалаларындағы демалыс құнының рейтингісі жасалды

Аз ғана қаржымен саяхаттауға ыңғайлы елдердің рейтингісі жасалды. Бұл жөнінде Post Office британ пошта қызметінің сайтында хабарланды. Компанияның есебінше, туристерге арналған ең арзан қала болып Литваның астанасы Вильнюс болды. Ол жерде демалу үшін орта есеппен 10 еуро керек. Рейтингте екінші орында Будапешт (119,77 еуро) және үшінші орында Рига (120,39 еуро).

Рейтинг құрастыру барысында авторлар үш жұлдызды қонақ үйдің 2 күндік құнын, әуежайға барып-келу жолын, кешкі ас, қаланы аралау және қалада уақытша көлік алу бағасын есептеген.

Еуропалық қалалардың ішіндегі ең қымбаты - Стокгольм болды. Швецияда демалу үшін сізге орта есеппен 310 еуродай қаражат керек болады.

Еуропа қалаларындағы демалыс құнының толық рейтингісі: 1. Вильнюс, Литва: 100,04 еуро 2. Будапешт, Венгрия: 119,77 еуро 3. Рига, Латвия: 120,39 еуро 4. Таллин, Эстония: 131,28 еуро 5. Афины, Грекия: 131,35 еуро 6. Дубровник, Хорватия: 139,83 еуро 7. Прага, Чех Республикасы: 141,24 еуро 8. Лиссабон, Португалия: 141,37 еуро 9. Краков, Польша: 144,96 еуро 10. Страсбург, Франция: 169.60 еуро 11. Мадрид, Испания: 179,94 еуро 12. Берлин, Германия: 179,95 еуро 13. Стамбул, Түркия: 182,91 еуро 14. Вена, Аустрия: 184,84 еуро 15. Брюссель, Бельгия: 193,14 еуро 16. Белфаст, Солтүстік Ирландия: 198,10 еуро 17. Эдинбург, Шотландия: 210,75 еуро 18. Дублин, Ирландия: 238,99 еуро 19. Венеция, Италия: 240,51 еуро 20. Барселона, Испания: 242,97 еуро 21. Париж, Франция: 261,39 еуро 22. Лондон, Англия: 266,65 еуро 23. Копенгаген, Дания: 269,78 еуро 24. Рим, Италия: 276,83 еуро 25. Амстердам, Нидерланды: 288,66 еуро 26. Стокгольм, Швеция: 311,01 еуро

Похожие материалы