Еуропадағы қоймалық қуаттарға бөлінген инвестициялар саны артты

494
Еуропадағы қоймалық қуаттарға бөлінген инвестициялар саны артты

2014 жылы Еуропадағы қоймалық қуаттарға бөлінген инвестициялар көлемі 28%-ға артып, рекордты 21,7 млрд еуроны құрады деп хабарлайды Jones Lang LaSalle Inc сараптамалық компаниясынан.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, интернет-сауда саласының қарқынды түрде дамуына байланысты қоймалық қуаттарға деген сұраныс өсе түсуде.

«Егер сіз тұтынушыларыңызға тауарды 24 сағат ішінде жеткіземін десеңіз, сіздің оларға жақын қоймаңыз да болу керек», — дейді жылжымайтын мүлікпен айналысатын CBRE Global Investors компаниясының бас директоры Денис ванн Вугт. Брокерлік компаниялардың бағалауынша, интернет-ритейлерге сұраныстың артуына байланысты 2020 жылы Еуропаға жалпы аумағы 8, млн шаршы метр болатын қосымша қоймалар қажет болады.

Өткен жылғы қоймалық қуаттарға бөлінген инвестициялардың басым көпшілігі Ұлыбритания мен Германияның үлесіне тиген.