Еуропалық 5 мемлекет «Түрік ағынының» құрылысына қатысады

Еуропалық 5 мемлекет

Грекия, Сербия, Македония, Венгрия және Түркия елдерінің сыртқы істер министрлерінің басшылары «Түрік ағыны» газ құбырының құрылысына қатысуға тілек білдірді. Бұл туралы «Коммерсанть» басылымы хабарлайды. Өзара кездесуге бақылаушы ретінде Еурокомиссияның өкілі қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша, Түркиядағы табиғи газды Еуропа елдеріне тасымалдайтын «экономикалық ақталған жол» құру жөніндегі энергетикалық серіктестік декларациясына қол қойылды. Жобаға «Газпромның» қатысуын әр мемлекет өзінше талқылайтын болады.

Ресей президенті Владимир Путин жариялаған газ құбырының маршруты Ресейден Қара теңіздің түбінен Түркия арқылы аустриялық Баумгартенге дейін жетуі қажет. Жоба «Газпром» Еурокомиссиямен қайшылықтан кейін бас тартқан «Оңтүстік ағын» (South Stream) газ құбырының альтернативасы болып табылады.

«Оңтүстік ағын» жобасынан Владимир Путин 2014 жылдың желтоқсанында бас тартқан еді. Ресей президентінің Түркияға сапары кезінде Мәскеу мен Анкара Қара теңіздің түбі арқылы  63 млрд шаршы метр газ өтуі қажет газ құбырын салу туралы келісімге келді.