Еуропалық банк шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстанға 10,5 млрд теңге бөледі

Шығыс Қазақстан
Фото: abctv.kz

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz — Еуропалық қайта құру және даму банкі қалалардағы инфрақұрылымды қолдау және «Бизнестегі әйел» біріккен бағдарламасын дамыту мен микро, шағын және орташа бизнестерді қолдау үшін Қазақстанға 10,5 млрд теңге бөледі.

Бұл бағытта Еуропалық банк президенті Сума Чакрабарти Астанада қол қойған шарт бойынша Семей және Өскемен қалаларындағы көше жарығы жүйесін жетілдіріледі. Бұл бағытта берілетін 3,6 млрд теңге көлеміндегі несие көмегімен қазақстандық компанияларды жұмысқа тарту жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовттың пікірінше, Еуропалық қайта қалыптастыру банкімен серіктес болу тек экономикалық көрсеткішті білдірмейді, сонмен қатар, бұл — қаржы мәдениетінің жаңа деңгейі.