Еуропаның ірі банктері қызметкерлерін қысқартып жатыр

Еуропаның ең ірі банктері әрбір жетінші қызметкерін жұмыстан қысқартуда немесе кемінде 30 мың жұмыс орны қысқартылады. Бұл туралы vestifinance.ru хабарлайды.

Standard Chartered — екі апта ішінде ең көп қызметкерді жұмыстан қысқартқан ең ірі еуропалық банк. Ол 15 мың қызметкерді (17% жұмыс күші) қысқартуды жоспарлап отыр. Банкке қызметкерлерді қысқарту  «нашар» несие көлемінің өсуі арқылы пайда болған шығындарды азайту үшін қажет.

Өткен аптада Deutsche Bank 11 мың жұмыс орнын қысқартатыны туралы хабарласа, дәл осы уақытта  Credit Suisse АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария елдеріндегі жұмыс орындарын қысқартатыны туралы хабарлады.

Қазір Еуропаның ең ірі үш банкі қаржы дағдарысынан кейін жаңа қадамдар жасау қамына кірісті. Капиталдың басты ережесі ретінде тиімділікке қысым жасалуда. Standard Chartered пен Credit Suisse өз акционерлеріне түскен пайданы төлеуді жоспарласа, Deutsche Bank алдағы екі жылда өз капиталын сақтап қалу үшін төлемді тоқтатты.

Басқа аймақ банктері де осыған ұқсас қадамдар жасауда. Итальяндық UniCredit SpA 12 мың жұмыс орнын қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бастапқыда 10 мың орын қысқартылады дегенмен, барлығы банк активтерінің сатылуына байланысты болып отыр.

Фото: ria.ru