EXPO-2017 құрылысына ШҚО кәсіпорындары қатысады

593
EXPO-2017 құрылысына ШҚО кәсіпорындары қатысады

Аймақтық құрылыс материалдарын өндірушілер, соның ішінде цемент, кабель, полиэтилен құбырлары сынды материал өндіретін кәсіпорындар өздерінің өнімдерін ЭКСПО-2017 көрме кешеніне пайдалану туралы келісімге келді.

Кәсіпорындарды «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бас мердігерлері, «АБК Құрылыс–1» ЖШС, «Сембол Иншаат» АҚ,  «СК Базис» ЖШС, «Компания АДС»  ЖШС құрылыс компаниялары іріктеді.

ЭКСПО нысандарын салу барысында пайдаланылатын өнімдерді өндіретін кәсіпорындар қатарында «Қазақкабель» ЖШС, «Кемент» ЖШС, «Шығыс-Универсал» ЖШС, «Өскемен полиэтилен құбырлар зауыты» ЖШС, «Қазақцемент» ЖШС, «Полиус» ЖШС,  «Корунд LTD» ЖШС т.б бар.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімшіліктерімен меморандум жасасты. Осы келісімдер аясында құрылыс нысандарын пайдалану үшін 85 отандық кәсіпорындардың өнімдері пайдаланылады. Жалпы сомасы 59,6 млрд теңгені құрап отыр.