Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгін
бірінші қазақстандық лоукостер FlyArystan "Нұр-Сұлтан - Жуковский - Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша алғашқы халықаралық рейсін орындады.
Әуе кемесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында авиатасымалдаушының флотын толықтырған.
Билеттерді бір бағытқа стандартты бағамен 19,999 тг / 3,333 рубльден және жарнамалық бағамен 9,999 тг / 1690 рубльден бастап flyarystan.com веб-сайтында 2020 жылдың 24 қазанына дейінгі рейстерге сатып алуға болады.
"Эйр Астана" президенті мен бас атқарушы директоры Питер Фостер жаңа рейстің арқасында Ресей астанасын көптеген адамдар өз көздерімен көре алады деп санайды.
"Қазақстандық лоукостердің пайда болуымен жеті ай ішінде Қазақстанның ішкі авиатасымал нарығы қарқынды дами бастады, сегіз әуежайда жолаушылар саны орта есеппен 35%-ға артты. Қазан айында жаңа борттың пайда болуымен екі айда бұл көрсеткіш 58%-ға жетті. Біз нарықта өзімізді халық үшін сенімді және ең бастысы - қол жетімді әуе компаниясы ретінде таныттық. Сондықтан, біз аймақтық әуе сапарларынан кейін қазақстандықтар Ресейден бастап, басқа елдерді көргісі келетініне сенімдіміз. Ал көршілес Ресейдің саяхатшылары Қазақстанға сапар шегеді", – деді "Эйр Астана" президенті Питер Фостер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024