ForteBank қазақстандық үздік 5 банктің қатарына енді

398
ForteBank
Фото:Тенгриньюс

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, ForteBank негізгі қаржылық есепте сапалы өсім көрсетті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банктің активтері 9,0 пайызға дейін көтеріліп, 1 328 млрд теңгені құрады. Сол арқылы жарты жылда ForteBank Қазақстанның үздік екінші деңгейлі банктерінің бестігіне еніп, үш саты жоғары көтерілді.

Банктің жалпы несие қоры 547 млрд теңгені құрады (жарты жылда 6,4 пайызға көбейген).

Несие қоржынының сапасы артты, Ұлттық банктің әдісі бойынша жұмыс істемейтін несиелер 7,07 пайызды болды.

Жалпы банк секторында несие қоржынының сапасы төмендеді. Ал проблемалық несиелердің үлесі жыл басынан 6,72 пайыздан 10,71 пайызға артқан.

ForteBank-тің депозиттік қоржыны жыл басынан 9,7 пайызға өсті, яғни 902 млрд теңгеден 990 млрд теңгеге көтерілді.

Ал банктің жеке капиталы 1,9 млрд теңгеге артып, (1,1 пайызға) 2017 жылдың мамырында 4,6 млрд теңге дивиденд төленді.

Таза кіріс 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 37,9 пайызға артып, 6,1 млрд теңгені құрады.

Маусым айында банктің комиссиялық кірісі 1 млрд теңгеден асты, ал жалпы жарты жылда 54,4 пайызға артқан.

Жартыжылдықтың қорытындысында тұтынушылардың мобильді және интенет-банкингті қолдануы бойынша жыл басымен салыстырғанда 115 пайыз өсім байқалады.