Франциядағы теракт туралы маңызды деректер

1405
Фото: Eric Gaillard / Reuters

Францияның Ницца қаласындағы әйгілі шипажайлардың бірінде қайғылы оқиға болды. Променад дэз Англэ жағажайына келген демалушыларды жүк көлігі қатты жылдамдықпен жүріп, соғып өткен. Жұрт Бастилияны алған күн ұлттық мерекесінің құрметіне болғалы жатқан отшашуды тамашалауға жиналған еді. Қаза болғандар саны, соңғы деректерге сәйкес, сексен төртке жетті, жүзге жуық адам жарақат алған. 30 азаматтың жағдайы ауыр. Қайтыс болғандардың ішінде біреуі — ресейлік, төрт қазақстандық бар. Қазақстандықтардың ешқайсы жапа шекпеген.

Қалай болды?

Жағажайда болған куәгерлер «жүргізуші көлікті адамдар жүрген жаққа қасақана айдап келген» дейді. Аман қалғандардың бірі алдымен жүргізушіге бірдеңе болып қалды деп ойлағанын, кейіннен оның әдейі айдап келе жатқанын бірден ұққанын айтады. «Жүк көлігі боулингтегі кегли секілді бірінен соң бірін соғып өтті», — дейді тағы бір куәгер.

Полицияның айтуынша, жүргізуші жағажай бойымен екі шақырым жүріп өткен.

Оқиға болған жерде түсірілген видео. Он сегіз жасқа толмағандар мен жүйкесі жұқа азаматтарға көрмеуге кеңес береміз.

https://www.youtube.com/watch?v=cgkylGm1zBc&oref=https%3A%2F%2Fwww.youtube.com%2Fwatch%3Fv%3DcgkylGm1zBc&has_verified=1

«Ол мұсылман емес еді»

Тунистен шыққан 31 жастағы Мохамед Лауэеж Булел Ниццада тұрып жатқан және тасымалдау қызметінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Қаза болған террористің үш баласы болғаны анықталды.

Мохамед Лауэеж Булелдің немере інісінің айтуынша, Мохаммед БАҚ-тар мәлімдеп жатқандай мұсылман болмаған. «Керісінше ішімдік ішіп, шошқа етін жеп, есірткі тұтынған. Сондай-ақ, мешітке бармаған, я наман оқымаған және өз әйелін жиі ұрып-соғатын», — деп айтып берді көзі жойылған лаңкестің туысы. 

MailOnline
MailOnline

Оқиға барысында 

Адамдар жан-жаққа мүмкіндігінше қашып, полицейлер оларды қонақ үйлер мен мейрамханалардың дәлізіне кіргізе бастаған. Жергілікті билік азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы үйлерінен көшеге шықпауды өтінді.

Францияда тұратын 31 жастағы тунистік террористі полиция атып өлтірді. Le Figaro-ның ақпаратына сәйкес, жүк көлігінен қару-жарақ пен граната табылған. Қазіргі уақытта полиция терроистің сыбайластарын іздеу операциясын басады. Жандармдар жүк көлігінің кім екенін анықтады, алайда оның аты мен ұлтты әлі хабарланбады. Оқиға болған жерде құтқарушылар мен медбикелер жапа шеккендерге көмектесіп, жедел жәрдем мен тікұшақ арқылы жақын маңдағы ауруханаларға жайғастырып жатыр. Елдің Ішкі істер министрлігі (ІІМ) «қызыл нүкте» жариялады, адамдар туыстарын әлеуметтік желілер арқылы іздестіріп жатыр.