«Газпром» мен Total Боливияда ортақ кәсіпорын ашады

492

Боливияның Azero кен орнындағы қорлар жеткілікті болған жағдайда «Газпром» мен франциялық Total компаниясы осы кен орнында ортақ кәсіпорын ашады деп мәлімдеді «Газпром» журналына берген сұхбатында Gazprom International басқарушы директоры Валерий Гулев.

«Біз Боливияда оператор болып табылатын франциялық Total компаниясымен, сонымен қатар Боливияның YPFB ұлттық компаниясымен және аргентиналық Tecpetrol-мен бірігіп, Ipati, Aquio және Azero телімерінде жобаларды іске асырамыз. Ipati және Aquio жобаларындағы біздің үлесіміз — 20%», — деп мәлімдеді В.Гулев. Мұнда Incahuasi кен орны ашылған.

Azero телімінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. «Газпром» жобаның 50%-ына ие. Біз былай келістік: егер біз Azero кен орнында коммерциялық жаңалық таба алатын болсақ, ортақ кәсіпорын ашамыз, мұнда Gazprom International мен Total-дың үлестері миноритарлы болады — әрқайсысына 22,5%-дан, ал қалғаны (55%) YPFB ұлттық мұнай-газ компаниясына тиесілі», — деп түсіндірді В.Гулев.