General Motors 2-3 жылдан кейін ресейлік нарыққа қайтып келеді

416
General Motors 2-3 жылдан кейін ресейлік нарыққа қайтып келеді

Америкалық  General Motors (GM)  концерні ресейлік нарығына 2-3 жылдан кейін оралуға уәде берді. Бұл туралы өндіріс және сауда министрлігіндегі департаменттің басшысы Александр Морозов мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.

Шенеуніктің сөзінше, министрлікке бұл туралы  GM-нің Ресейдегі бөлімінің басшысы Сюзанна Веббер хабарлаған. «Ресми нұсқа бойынша, ол General Motors директорлар кеңесін ресейлік нарықтағы GM компаниясының шығындары үшін 2015 және алдағы екі жыл бойы қосымша қаржы бөлуге көндіре алмаған.

General Motors-тың ресейлік нарықтан  Opel брендін және Chevrolet-тің жаппай шығарылатын моделдерінің кететіндігі туралы хабарланған еді. Автоконцерн Ресейдегі өндірістің жобаларын тоқтатады: Санкт-Петербургтегі зауыт 2015 жылдың маусымында жұмысын аяқтайды, ГАЗ топтарымен келісім-шарт бір жылы ішінде бітеді. «Автотороммен» келісім-шарт ақпан айында үзілген еді.

Концерн бұл тек қаржылық мәселесіне байланысты екендігін атап өтті.  Өндіріс және сауда министрлігінің де түсіндіруінше, американдық алпауыттың Ресейден кетуіне рубль құнсыздануына байланысты тиімділіктің төмендеп кетуі себеп.