Google

Google

Google Inc. —  интернет-іздеу қызметін, есептеу және жарнамалық технологияларды инвестициялап отырған ұлтаралық көпшілік компания. Google интернет-сервистер мен өнімдерді қолдайды және жетілдіреді, сонымен қатар AdWords бағдарламасы арқылы жүргізілетін жарнамадан пайда табады.

Google алғаш рет 1998 жылдың 4 қыркүйегінде жеке компания ретінде тіркелді. Ал, 2004 жылдың 19 тамызынан бастап қор нарығында акцияларын сата бастады.  Бұл жобаның  авторлары: Стенфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Брин.

Google логотипінің авторы — Сергей Брин. Ал Гуглды мерекелік күндерде суретші Дениис Хванг безендіреді. Гуглдің  Cmail пошта қызметі екі жыл бойы ішкі қолданыста тесттен өтіп барып, әлемдік қолданысқа ұсынылды.

Бұрын Google басшылығы Yahoo компаниясына  коммерциялық ұсыныс жасаған еді. Google-ды 1 000 000 $ сатпақшы болған жоба иелері теріс жауап алады. Алайда, 2005 жылы компанияның жалпы құны 80 000 000 000$-ға жетіп, жылдық табысы 1,5 млрд долларды құраған. Әлемдегі барлық интернет қолданушылардың 60 пайызы осы компанияның қызметіне жүгінеді. Бүгінде Google компаниясында 20 мыңға жуық адам еңбек етуде. Компания тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі 2006 жылы болған. Сол кезде Google Youtube компаниясын 1,65 млрд долларға сатып алған болатын. Тіл ғылымын зерттейтін мамандардың пайымдауынша, әлемдегі ең танымал сөз осы Google боп тұр.

Тарихы. Google 1996 жылдың қаңтарында Калифорниядағы  Стэнфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Бриннің ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде дүниеге келді.

10965805_594087647391623_1649088594_n

Ол кездерде іздеу жүйелері тек ізделген терминдердің интернет парақшада қанша рет қаралғанын ғана көрсетсе, Пейдж бен Брин сайттармен байланыста жұмыс істейтін жаңа жүйені жасау үшін еңбектенді. Олар бұл технологияны PageRank деп атады, мұнда сайттың өзектілігі беттердің саны және маңыздылығы бойынша анықталды.

Робин Ли ойлап тапқан  IDD Information Services-тің RankDex іздеу жүйесі 1996  жылдан бастап интернет беттерін саралаудың аналогты стратегиясын зерттей бастады. Технология Ли Қытайда Baidu-ды құрғаннан кейін патенттелді.

Пейдж және Брин өздерінің іздеу жүйесін алғаш BackRub деп атады, себебі жүйе сайт маңыздылығы бағасы үшін кері сілтемелерді тексерді.

Ең соңында компания атауын Google деп өзгертті— бұл «гугол» (ағылшынша googol) сөзінің қате аудармасы. Атаудың өзгеруі  Sun Microsystems негізін салған Энди Бехтольшейммен кездесу кезінде орын алды. Ол кісі компанияға алғаш қаржы салғандардың бірі. Сергей іздеу жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіре бастаған тұста, асығып тұрған Энди 100 мың доллардың чегін «өмірде жоқ»  Google Incorporated компаниясының атына жазып жіберген. Қаржыны алу үшін компания атын өзгертуге тура келген. Осылайша, 1998 жылдың 7 қыркүйегінде компания жаңа атпен тіркелді. Жарғылық капитал көлемі 1 млн доллар деп хабарланды.

Google сөзі — онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді.  Кешірек, жарнама компаниясы бұл атаудың «іздеу жүйесі адамдарды ақпарттың үлкен бөлігімен қамтамасыз еткісі келеді» деген негізбен қойылғанын айтты.Алғаш рет  Google Стэнфорд университетінің сайтында жұмыс істеді, оның домені google.stanford.edu болды.

Google домені 1997 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген, ал компания бір жылдан кейін ғана тіркелді. Компания алғаш рет Google-дің негізін салушылардың досы Сьюзен Воджискидің Менло-Паркте(Калифорния) орналасқан гаражында орналасты. Ал, компанияның бірінші қызметкері Ларри Пейджа мен Сергей Бриннің группаласы Крейг Сильверстейн болатын.

2003 жылы компания қазіргі шатб-пәтері орналасқан Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласына көшіп келді.

Гуглдету. Іздеу жүйесінің танымалдылығына байланысты ағылшын тілінде to google немес to Google неологизмі пайда болды. Бұл интернеттегі ақпаратты Google көмегімен іздеу дегенді білдіреді. Дәл осы анықтамамен етістік ағылшын тілінің беделді сөздіктеріне(ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігі және  Merriam-Webster) енді.

Бұл етістікті 1998 жылдың 8 шілдесінде алғаш рет өзінің таратылым тізіміне арналған хатында Ларри Пейдж қолданды. Онда «Have fun and keep googling!»  тіркесі бар. Америка диалектика қауымдастығы «to google» етістігін  онжылдықтың сөзі деп атады.

Корпоративтік мәдениет. Google программистері  » 20% ережесі“ бойынша жұмыс істейді. Бұл ереже бойынша,олар  жұмыс уақытының 20 пайызын қызметке қатысы жоқ, өздеріне қызықты жобалар үшін пайдалана алады.  Бразилияда өте танымал Оркут онлайн қауымдастығының сервисі  осы жүйенің арқасында дүниеге келді. Бұл сайтты Google программисті жасап шығарған еді.

2013 жылы Google төртінші рет АҚШ-тағы 100 ірі жұмыс берушілердің көшін бастады.

10943585_594087644058290_994997879_n

Басқару. Google әлемде деректерді өңдеу орталығында миллионнан астам серверді басқарады және күніне бір миллиардтан астам іздеу-сауалдарын және 24 петабайттық қолданушы деректерін өңдейді.

Google компаниясының көптеген онлайн өнімдері бар, олар:  Gmail пошта қызметі, Google+ әлеуметтік желісі. Компанияда Google Chrome  браузері, фотолармен жұмыс істеуге арналған Picasa бағдарламасы және лезде хат алмасуға арналған Hangouts сияқты десктопты өнімдер де бар. Одан бөлек, компания смартфондардың көбісінде қолданылып жүрген Android мобильді операциялық жүйесін, Google Chrome OS жүйесін және Google Glass құрылғысын әзірлеуде. Google-дің негізгі сайты google.com —Интернеттегі ең көп қаралатын сайт, ал көптеген халықаралық Google (google.co.in, google.co.uk және т.б.) сайттары Google-дің YouTube, Blogger және Orkut сервистері сияқты  ең көп қаралатын жүздікке кіреді.

BrandZ мәліметінше, Google — әлемдегі ең қуатты бренд, Brand-Finance компаниясының ақпаратынша, ол — 2011 жылы әлемдегі ең қымбат бренд болған.  2011жылы   Google Microsoft, Sony және өзге де компанияларды артқа тастап АҚШ-тың ең абыройлы компаниясы ретінде танылды.