Грекия кедейлікпен күрес туралы заң қабылдады

582
Грекия кедейлікпен күрес туралы заң қабылдады

Грекия парламенті кедейлікпен күрес туралы заң қабылдады. Бұл — парламент сайлауынан кейін депутаттар дауыс берген бірінші құжат.

Аталған заң жобасының қабылдануы шығындарды қысқартуын қатаң түрде талап етіп отырған еуроплық шенеуніктер мен Афина үкіметінің қарым-қатынасын одан сайын қиындатып жіберуі мүмкін деп жазады Еуроньюс.

Брюссель Грекияға берілетін қаржылай көмекті 6 айға созу үшін ел экономикасында қатаң реформалар жүргізіп, шығындар көлемін азайту керек деген шарт қойған еді.  Ал элладалық шенеуніктер қабылдаған заң елдің тұрмысы төмен тобын электр жарығымен, тамақтану талондарымен және тұрғын үй жалдау үшін ай сайынғы жәрдемақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Гуманитарлық ұйым қызметкерлерінің мәлімдеуінше, Грекиядағы тұрмысы төмен халықтың жағдайы соңғы уақыттағы позитивті экономикалық статистикаға қарамастан нашарлай түсуде. Ресми ақпарат бойынша, Грекия халқының 23  пайызы кедейлік деңгейінде өмір сүреді.