Киберқылмыскерлер Apple гаджеттерін тұтынушылардың 225 мың аккаунтын бұзды.
Хакерлер Apple ID-дегі есептік жазбаларды KeyRaider бағдарламасы арқылы ұрлаған. Бұл бағдарлама әдетте iPhone мен iPad-тағы ойындарды тікелей жүктеп алып, өзара ойындармен алмасу үшін қытайлық қосымшаны пайдаланады. Тұтынушылар өз беттерінше Cydia сервисі арқылы вирусты жүктеп алған. Ал ол iTunes трафигі арқылы есептік жазбалардың барлық мәліметтерін, сертификаттар мен шифрлеудің құпия кілттерін ұрап кеткен. Осыдан кейін алаяқтар қолданушыдан қомақты ақша сұрайды немесе оның қаржысын пайдалана береді. Зардап шегушілердің көпшілігі Қытайда тұрады. Сондай-ақ Ресей, Франция, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Аустралия, Израиль, Италия, Испания, Сингапур және Оңтүстік Кореядағы тұтынушыларға да шығын келген.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





