Uber 57 млн қолданушысының деректері үшін хаккерлерге 100 000 доллар төледі

210
такси
Фото: Life.ru

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — Көлікке тапсырыс қабылдайтын Uber қызметі хаккерлік шабуылға ұшырады. Нәтижесінде 57 миллион жолаушының жеке деректері ұрланды. Бұл туралы америкалық компания баспасөзі хабарлады.

Uber компаниясы хаккерлердің деректерді құпия сақтауы үшін  100 000 доллар төлеген.

«Бұндай жағдай болмауы керек еді, оған ақталуға себеп жоқ», — деді Uber  компаниясының бас директоры Дара Хосровшахи.

Оқиға 2016 жылы болған. Еске сала кетейік, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Risk Based Security аналитикалық агенттігі 2,2 мың деректің жария болғанын тіркеген. Бұл 6 миллиард жеке деректердің ұрлануына әкелді. 2016 жылы барлығы 4,2 млн. жазба ұрланған.

Бұған дейін, Uber және NASA 2020 жылға қарай «ұшатын таксиді» құрастырған еді.

Мейірім Бақытжанова