Енді Қазпошта Халық банктің міндеттерін атқарады

Қазпошта
Фото: kapital.kz

Астана. 4 тамыз. 7kun.kz — Бүгін Астанада «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады

Қол қою рәсіміне «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов және «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қатысты.

Атаулы құжат Халық банкі мен Halyk Group Қазпошта үшін қызмет көрсету бөлігінде Банк және Компанияның өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша және Қазпошта агенттік, пошта, сондай-ақ өзге де қызметтерді Халық банкіне жекелеген бағыттар бойынша қызмет көрсетуге бағытталған.

Атап айтқанда, Қазпошта жеке тұлғаларға банк өнімдерін сату туралы — депозиттер, кредиттер және өзге де өнімдерді халықтың қажеттіліктеріне байланысты Халық банкі бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде автоматтандырылған Компания бөлімшелерінде ұсынылады. Сондай-ақ Халық банкінде ашылған шоттарға жеке тұлғалардың төлемдерін Қазпошта бөлімшелерінде қабылданып және өз кезегінде оны аудару мүмкіндіктері екі жақты қарастырылып жатыр. Халық банкі және Қазпошта өкілдері банк клиенттеріне төлем карточкаларды жеткізу, хат-хабарларды алушыға дейін жеткізу бойынша пошталық қызмет, соның ішінде, поштаматтар арқылы альтернативті жеткізу қызметі бөлігінде ынтымақтастықты орнату мәселелерін қарастырып жатыр. Меморандум аясында Қазпоштаның инкассация қызметін көрсету мүмкіндігі бойынша, соның ішінде, Банк бөлімшелерінен алшақ орналасқан аудан орталықтарында қайта есептеу және қолма-қол ақшаны сақтау мәселелері қаралады.

«Біз Қазпоштамен жағымды серіктестікті орнатуды көздеп отырмыз, бұл шығындарды қысқарту үдерісі бөлімінде екі жаққа тиімді, мұндай үлкен Халық тобы және Қазпошта тәрізді компанияға бұл өте өзекті болып табылады. Біз Халық банк ретінде бұл ынтымақтастықтан алатынымыз, кейде ауылдық жерлерде бізге өкілдікті ашу тиімсіз. Бірақ халыққа әрине сөзсіз қаржылық қызметке қолжетімділік қажет, осы тарапта Қазпоштамен бірлесе отырып біз бұл мәселені шеше аламыз. Қазпошта қаладағы біздің ауқымды филиалдар желісі мен бұқаралық клиенттік бөлшек базамыздан пайда табады, ынтымақтастықтан синергетикалық әсер болуы анық», — деп атап өтті Қазақстан Халық банкі басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова