Халықтың 60%-ының табысы 53 мың теңгеге жетпейді

27
орташа
Фото: bnews.kz

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың алты айының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 60%-ы жан басына шаққанда 53 мың теңгеден кем табыс алады, деп хабарлады Ranking.kz.

Осы санаттағы азаматтардың орташа айлық табысы 22,2 мыңнан 49,7 мың теңгеге дейін болды.

Халықтың осы 60%-на елдегі жалпы табыс көлемінің шамамен 39%-ы тиесілі, ал табысы ең жоғары қазақстандықтардың 10%-ы ел азаматтарының барлық табысының 24,1%-ын иеленеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың
медиандық табысы 43,4 мың теңгені құрады. Елдің 12 өңірінде мұндай табыс 50 мың теңгеден, бес өңірде 40 мың теңгеден аспады.

Айта кетейік, медиандық кіріс — қызметкерлердің немесе халықтың бірдей санының жоғары және төмен табыс алатын статистикалық көрсеткіш. Оның орташадан айырмашылығы — абстрактілі адамның орташа табысы емес, орта адамның нақты табысын сипаттайды.