І тоқсанда «Азия Авто» шығыны 2,3 есе артты

І тоқсанда

«Азия Авто» автожинау зауыты 2015 жылдың қаңтар-наурызында 1 млрд 108,414 млн теңге көлемінде таза шығын көрсетті, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық делінген компанияның ХҚСЕ бойынша жиынтықталған қаржылық есептілігінде.

Есептік кезеңде жалпы пайда 8,7 есе, 652,242 млн теңгеге дейін қысқарды, салық салынғанға дейінгі шығын 2,3 есе, 108,371 млн теңгеге дейін жоғарылады.

Осы жылдың басынан бері компания активтері 3%-ға, 61,503 млрд теңгеге дейін, міндеттемелер 7,4%-ға, 42,055 млрд теңгеге дейін артты, ал меншікті капитал, керісінше, төмендеді — 5,4%-ға, 42,055 млрд теңгеге дейін, жарғылық капитал өзгермеді — 1,418 млрд теңге.