І тоқсанда Өскемен титан-магний комбинатының шығыны 435,4 млн теңгені қамтыды

І тоқсанда Өскемен титан-магний комбинатының шығыны 435,4 млн

2015 жылдың І тоқсанындағы Өскемен титан-магний комбинатының таза шығыны 435,4 млн теңгені қамтыды. Бұл көреткіш 2014 жылдың осы кезеңінде 4,896 млрд теңге деңгейінде болған еді деп компанияның ХҚСЕ бойынша жинақталған қаржылық есептілігіне сілтеме жасап, lsm.kz сайты хабарлайды.

Есептік кезеңде кәсіпорынның операциялық шығыны 264 млн теңгеге дейін төмендеді. Өткен жылдың І тоқсанында ол 4,4 млрд теңге болған-тын. Сонымен қатар осы жылдың қаңтар-наурызында компания түсімі 1,7 есе, 3,787 млрд теңгеге дейін артты.

І тоқсанда жалпы пайда 690,3 млн теңгеге жетті, осылайша бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,9 есе өскен.

Өскенмен титтан-магний комбинатының активтері 2015 жылдың басынан бері 52,66 млрд теңгеден 54,95 млрд теңгеге дейін өсті. Үш ай ішінде меншікті капитал 16,85 млрд теңгеден 16,42 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Кәсіпорын міндеттемелері 35,8 млрд теңгеден 38,5 млрд теңгеге дейін артты. Айта кететін жайт, кәсіпорын 2014 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 4,2 млрд теңге көлеміндегі таза шығын көрсетті.