ІІМ: Соңғы екі жылда жеті жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

Алматы. 17 наурыз. 7kun.kz — 2015 жылдан бері Ішкі істер министрлігінің территориалды тіркеу-сынақ бөлімшелерінде жүргізуші куәлігін заңсыз беру туралы жеті факті тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«2015 жылдан қазірге дейін жүргізуші куәлігін заңсыз бергені туралы жеті факті тіркелген: біреуі — 2015 жылы СҚО ІІД-де, 2016 жылы төрт факт — Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД-де және біреуі 2017 жылы Қарағанды облысында тіркелді. Бұларға қатысты тиісті шаралар қолданылды», — деп хабарлады министрлік.

ІІД мәлімдеуінше, сынақ тапсыру мен жүргізуші куәлігін беру кезінде жемқорлық фактілерін азайту үшін бірқатар шаралар қабылданған. Оның ішінде, 2014 жылы «Автомектеп» қосымшасы бар. Ол арқылы оқу топтарының тіркелуі мен тапсырылған сынақ қорытындыларын бақылап отыруға болады.

Сондай-ақ, көлік жүргізу куәлігін беретін 12 арнаулы ХҚКО-ның жұмыс істейді. Ондағы емтихан компьютерлік тестілеу мен автоматтандырылған автодромдарда алынады. Бұл, министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жүйеде сынақ алушы нәтижеге еш әсер ете алмайды.  

Одан бөлек, арнаулы ХҚКО-ларда ешқандай автомектептерде оқымаған азаматтар «А», «А1», «В», «В1» санаттарын алу үшін сынақ тапсыра алады.