IKEA Ресейге 2 млрд еуро инвестиция салады

443
IKEA Ресейге 2 млрд еуро инвестиция салады...............

Шведтік IKEA сауда жүйесі Ресейдегі жаңа сауда орталықтарының құрылысы мен ары қарай дамуы үшін 2020 жылға дейін 2 миллиард еуро салуға дайын. Бұл туралы компания бөлімшесінің басшысы Йон Тегнер мәлімдеді деп хабарлайды Reuters.

Алдағы  5-7 жылда Ресей мен Қытайда салынатын сауда орталығының құрылысына IKEA 3 миллиард еуро салуға дайын. Тегнердің айтуынша, 2001 жылдан бері IKEA-ның жеке сауда орталықтарының саны 58-ге өсті, олар 13 еуропалық қала мен Қытайда орналасқан. Оның сөзінше, компания үшін Ресей, ҚХДР, Швеция және Польша нарықтары компания үшін тиімді болып есептеледі.

Әлемдік экономиканың шегінісіне қарамастан, төмен бағалар сегментіне байланысты IKEA сауда орталықтарына келетін адамдар саны өсе түсуде (2014 жылы — 2 пайыз)  дейді Тегнер.

Келесі жаңа дүкеннің ашылуы  2018 жылға жоспарланған. Соңғы рет IKEA-ның жаңа сауда орталықтары 2011 жылы Ресейдің Уфа және Самара қалаларында ашылған еді.

IKEA — әлемнің 26 елінде 300-ден астам дүкендері бар интерьер заттары мен жиһаз сататын сауда желісі. 2013-2014 жылдарындағы есептеу бойынша компанияның табысы 3,3 миллиард долларды құрады.