Инфляция нысаналы дәлізге толық сәйкес келеді

нысаналы
Фото: Forbes.kz

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылдың басынан бастап жылдық инфляция Ұлттық банк күткендегіден тез қарқынмен баяулады. Екі ай ішінде ол 7,1 пайыздан 6,5 пайызға дейін төмендеді және 2018 жылға арналған 5-7 пайыз нысаналы дәлізге толық сәйкес келеді, деп хабарлады Ұлттық банк.

«Бағаның төмендеу серпіні, ең алдымен, ішкі нарықтағы тауарлар ұсынысының өсуінен орын алды. 2017 жылы тауар нарықтарында ұсыныстың шектелуі, атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімі, жанар-жағар май материалдары нарығында болды. Энергия тасымалдауыштар нарығындағы күйзелістерге жауап ретінде түзету нәтижесі болған жекелеген нарықтағы тауарлардың қымбаттауы шамалы және қысқа мерзімді болды. Қазір ахуал қалпына келіп, ұсыныстар іс жүзінде сарқылды», — деді Ұдттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ол тұтыну бағаларының серпініне шектеулі ішкі тұтыну сұранысы әсер еткенін, оның халықтың нақты ақшалай кірістерінің теріс серпініне байланысты туындағанын атап өтті. Бұдан басқа, сауда әріптес елдерде инфляцияның төмен деңгейі де инфляция импортының баяулауын көрсетеді.

Қаржы реттеушісі басшысының айтуынша, 2018 жылы инфляциялық тәуекелдер сипатының өзгеруі байқалады. 2017 жылы нысаналы дәліздің жоғары шегінен асып кету тәуекелі болды. 2018 жылы инфляцияның оның төмен шегінен аз қалыптасу тәуекелі бар. Ұлттық банктің бағалауынша, күйзелістер болмаса, жекелеген тауар нарықтарында инфляция жыл соңында 5 пайыздан аз болуы мүмкін. Алайда төмен инфляция аясындағы халық кірістерінің қалпына келуі 2019 жылы 4-6 пайыз жаңа нысаналы дәлізге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Инфляциялық күтулердің төмендеуі байқалады. Халыққа жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша, 2018 жылғы қаңтарда бір жыл бұрын күтілетін инфляцияны бағалау 2017 жылғы қарашадағы 7,7 пайыз жоғары мәннен 6,6 пайызға дейін төмендеді. 2017 жылы тауарлар бағасы бұрынғыға қарағанда, 2017 жылғы желтоқсанда 52 пайыздан 47 пайызға дейін тез өсті деп есептейтін халықтың үлесі төмендеді. Осылайша, пікіртерім нәтижелері халықтың іс жүзіндегі және болашақтағы инфляцияны қабылдаудың жақсаруы туралы куәландырады», — деді Д. Ақышев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!