Instagram-блогер атанып, ақша тапқысы келетіндерге кеңес

615
Instagram
Фото: cdn-st4.rtr-vesti.ru

Ресейдің танымал Instagram-блогерлерінің бір жарнамалық посты 100 мыңнан 400 мың рубльге дейін тұрады. Шетелдік жұлдыздардың бағасы біздікінен бірнеше есе жоғары. Instagram жұлдыздарының бұлайша көп ақша табуының құпиясы неде? Себебі, бұл әлеуметтік платформаны айына 800 миллион адам пайдаланады. Сондықтан бұл брендтер үшін орны толмас жарнамалық құрал болып саналады. Егер Instagram блогер-жұлдыз атанғыңыз келсе, төмендегі кеңестерді пайдалануды ұсынамыз.

Өзіңізге ұнайтын аумақты таңдаңыз

Алдымен сіз өзіңізді қызықтыратын саланы анықтап алуыңыз керек. Бұл өзіңіз өте жақсы көретін хобби немесе түсінетін нәрсе болуы керек. Атақты адамдардың жазбаларын қайталаудың қажеті жоқ – бастысы өзіңізге өте қызық нәрсе болса болғаны.

Мысалы, сіз көп жазылушыдан тұратын фитнес-блогты көрдіңіз. Алайда сізге бұл тақырып қызық емес және ол туралы ештеңе білмейсіз, сонда сізге салауатты өмір салты туралы жазудың қажеті бар ма? Әрине, жоқ. Есіңізде болсын: әлеуметтік желіде бетперде киюдің қажеті жоқ.

Өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдаңыз. Мүмкін сізге қолөнер ұнайтын шығар? Немесе сіз тамақтануды ұнатасыз және сіз түрлі тағамдарға қызығушылық танытатын шығарсыз? Немесе сіз сәнге құмарсыз және соңғы трендтерді қалт жібермей отыратын шығарсыз? Instagram-дағы жарияланымдарыңыз қандай да бір кездейсоқ нәрсе емес, сізді шынымен қызықтыратын нәрсе болуы керек. Мысалы бірден әр түрлі нәрселер: тамақ, саяхат және салауатты өмір салты туралы жаза аласыз. Көріп отырғаныңыздай, жарияланымдарыңыз осы тақырыпты тек тереңірек толықтара түседі.

Өзіңіз туралы қызықты ақпаратты көрсетіңіз

Қызығушылығыңызды анықтап болғаннан кейін, аккаунтыңызды  реттеңіз. Ең алдымен, аудитория назарын аударатын өзіңіз туралы ақпаратты көрсетуіңіз керек. Өзгелердің қызығушылығын тудыруы үшін өзіңіз туралы қызықтырақ жазып қойыңыз.

Есіңізде болсын, сіздің қысқаша өмірбаяныңыз — брендтер мен потенциалды жазылушылардың көзі түсетін ең бірінші ақпар болмақ. Сондықтан егер танымал Instagram-блогер атаңғыңыз келсе, блог дизайнына жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн.

Әңгімелер жазыңыз

Танымал блогер атану үшін, Instagram-да тек фотосуреттерді жариялау жеткіліксіз. Сурет астына жазылатын жазбалар суреттердің өзі сияқты да маңызды. Жазылушылармен эмоционалды байланыс орнату үшін әңгіме жазыңыз. Олардың сізге сенуіне, аккаунтыңызға тіркелуіне, сізбен қарым-қатынас орнатуына себепкер болыңыз.

Мұнымен қоса шынайы болыңыз, әңгіменің ойдан шыққанын халық бірден байқап қояды. Жұртпен бөлісетін жеке әңгімелеріңіз тек қызықты ғана емес, сонымен қатар шынайы болуы да керек.

Лентаңыз тартымды болуы керек

Бұл танымал Instagram-блогердің негізгі ережелерінің бірі. Сіздің фотосуреттеріңіз әдемі ғана емес, сонымен қатар бірдей стильде болуы керек. Яғни, профильдегі барлық фотосуреттер бір-бірімен жақсы үйлесім табуы керек.

Көптеген блогерлер бір түсті гамма немесе композиция секілді фото өңдеудің ерекше стильдерін таңдайды. Кірістірілген Instagram-ның өзіндегі фильтр немесе VSCO & Lightroom секілді басқа да фоторедакторларды пайдаланыңыз. Жақсы көрініс табатын түстермен  сапалы суреттер жасаңыз.

Контентті үнемі жаңартып отырыңыз

Танымал блогердің тағы бір негізгі ережесі, бұл — контент. Көптеген Instagram жұлдыздары фотоларын күнделікті жариялап отырады, біреулері фотосуреттерді күніне бірнеше рет жүктесе, енді біреулері — аптасына бір рет қана жүктеуді жөн көреді.

Зерттеулер көрсеткендей, жарияланымдардың жиілігін арттыру аудиторияның қызығушылығын да арттыра түседі екен. Бірақ контентті жариялаудың кестесін ойда құрып, соны әрқашан ұстаныңыз. Тым ақылға сыймайтын жоспар құрмаңыз.

Графикамен жұмыс істеу үшін сізге жоспарланған жарияланымдарды жасауға мүмкіндік беретін BufferPlanolyPreview және  Ripl секілді құралдар қажет. Сіз осы платформаларға контентіңізді алдын ала жүктеп, жариялауды қажет ететін күн мен уақытын белгілей аласыз. Бұдан кейін постты өзіңіз қолмен жариялаудың қажеті жоқ, бәрі автоматты түрде пайда жарияланатын болады.

Preview тегін жұмыс істейді, ал Planoly-де Instagram-дағы бір аккаунт үшін 30 күнге дейін фотосурет тегін жариялауға болады. Buffer-де сіз бірден үш аккаунтқа 10 жарияланымды тегін жоспарлай аласыз. Ripl жазылу бойынша жұмыс істейді (айына $9.99).

Хэштегтерді дұрыс қолданыңыз

Хэштегтердің (#) арқасында, сіздің аккаунтыңызды Instagram пайдаланушылар тез таба алады. Платформада шектеу бар: бір басылымда сіз 30-ға жуық хэштег қана қолдана аласыз. Бәрін қолдануға болады, бірақ қайсысын таңдау керек — ерік өзіңізде.

Танымал хэштегтер үнемі нәтиже бере бермейді. Себебі олар танымал бола берген сайын, сіздің бәсекелестеріңіз де көбейе түседі. Сондықтан сізді табу мүмкіндігі де төмендейді.

Дұрысы 10 мыңнан миллионға дейін жарияланым көрсететін хэштегтерді қолданған дұрыс. Одан арғысын таңдамаңыз.

Бизнес-аккаунт құрыңыз

Егер сіз Instagram-блогер болуға шешім қабылдасаңыз, бірнеше артықшылықтар беретін бизнес-аккаунтты құрыңыз.

Негізгі артықшылығы — статистикаға қол жетімдігі. Бұдан аудиторияңыздың әрекеттерін ғана емес, сондай-ақ, қандай посттар көп оқылатынын және қай уақытта көп қаралатынын біле аласыз. Жазылушыларыңыздың белсендігі туралы ақпарат сіз  брендтермен жұмыс істеген кезде өз пайдасын береді. Суреттеріңізге қарағанда цифрлар сіз туралы ақпаратты көп береді.

Бизнес-аккаунттың тағы бір артықшылығы — жарнамалау мүмкіндігі. Қосымша қызығушылықты арттыру үшін жарияланымыңыздың біреуін алға жылжытып қоя аласыз.

Instagram Stories-ді пайдаланыңыз

Instagram-да Stories функциясы қазір ең танымал болып отыр. Күн сайын оны 200 миллион адам пайдаланады. Бұл жазылушыларды көбейту мен «раскрутка» жасаудың тамаша құралы.

Stories-де тұрған орныңыз бен қажетті хэштегтерді қолдансаңыз, тіпті сізге тіркелмеген адамдар да сізді көре алады. Егер сізде 10 мыңнан астам жазылушылар болса, онда ішкі жоғары свайп сілтемесі арқылы «историяға» функция енгізе аласыз.

Сондай-ақ, сіз «историяда» басқа адамдарды (@-ны) белгілеу арқылы —  тек сол адаммен байланыс орнатып қана қоймай, аудиторияңызды да арттыра аласыз.

Аудиториямен дұрыс қарым-қатынас орнатыңыз

Әлеуметтік желіде аудиториямен қалай қарым-қатынас орнататыныңыз да аса маңызды. Назар аударушылық – Instagram-блогері атануыңызға көмектесетін бірден бір маңызды құрал. Суреттеріңізге біреу «комментарий» жазған кезде – міндетті түрде жауап беріңіз, олардың «профайлына» кері байланыс орнатып, «лайктар» мен «комментарийлер» қалдырыңыз.

Төмендегі кестеде жазылушылардың назарын қалай аудартуға болатыны көрсетілген:

  • Фотосуреттің астына әрекетке шақыру қалдыңыз.
  • Жарияланымды халық Instagram-ды көп пайдаланатын уақытта жариялаңыз (оны бизнес-аккаунтқа тиесілі статистикадан анықтай аласыз).
  • Байқаулар мен жарыстар өткізіп отырыңыз.
  • Stories-да сауалнама жүргізіңіз, сұрақтар қойыңыз.
  • Өзіңізге жақын тақырыптағы аккаунттарға тіркеліп, олардың контентімен өзара қарым-қатынас орнатыңыз (оларды «Интересное» бетінен таба аласыз).
  • Жарияланымыңызды көбіне бір-біріне қарама-қарсы, таласты сұрақтарға арнаңыз.
  • Жарияланымның соңында халықтың ойын білетіндей, сұрақпен аяқтаңыз.

Сондай-ақ, сіз барлық релеванттық контент лентаңызда көрсетілуі үшін нақты хэштегтерге жазыла аласыз.

Брендтерді белгілеп, олармен байналыс орнатыңыз

Instagram жұлдызы атану екі кезеңнен тұрады. Алдымен сізге жазылушыларды шынайы түрде жинап, жақсы назарға ие болу керек. Содан кейін ең маңызды кезең — ақша табу басталады.

Сізде мыңнан көп жазылушы болған кезде және халықтың назары аударыла бастаған кезде, тиімді брендтерді іздей бастаңыз. Оларды тиісті фотоларға белгілеп, өзіңізге назар аудартуға тырысыңыз. Егер қызықты болса кейде брендтер сіздің жарияланымыңызды өздерінде жариялап, қосымша назар аударыла бастайды.

Тіпті өзіңізге қызықты салада жұмыс істейтін компаниялардың жекесіне хат жаза аласыз. Әсіресе бұрын блогерлермен жұмыс істегендерге мән берген жөн. Алдымен қандай іспен жазып отырсыз және не ұсына алатыңызды алдын-ала дайындаңыз. Бұл әрине оңай болмайды, бірақ кейбір жауаптар сізді қуантуы мүмкін.

Брендтерді іздеу үшін Grin, SocialPeeks, InsightPool, HYPR, InfluencerBay, TRIBE немесе TapInfluence платформаларын пайдалануға болады. Кейбіреулерінде жарнамалық кампанияға қатысу үшін жазылушылардың ең аз санына шектеу қойылған.

Жазылушыларды сатып алмаңыз

Бұл Instagram-блогерлер жиі жіберетін қателіктердің бірі. Медиа жұлдыз атанғыңыз және көбірек ақша тапқыңыз келсе, аудиторияны табиғи шынайы түрде жинаған дұрыс. Иә, бұл оңай шаруа емес және біраз уақытты қажет етеді.

Бірақ сатып алынған жазылушылар пайда әкелмейді, себебі олар сіздің контентіңізбен байланыс орнатпайды және статистикаңызды арттырмайды. Ал статистика неғұрлым аз болған сайын, брендтердің де сізбен қарым-қатынас орнату мүмкіндігі төмен болатынын естен шығармаңыз.

Ұлбосын Найзақұл «7»