Instagram бизнес-парақшаларға арналған жаңа функцияларды іске қосады

бизнес
Фото: rusability.ru

Алматы. 9 мамыр. 7kun.kz — Instagram-да бірнеше аптадан кейін бизнес-профильдер үшін арнайы функциялар қосылады деп хабарлайды әлеуметтік желінің баспасөз қызметі. 

Бизнес-профильдер енді Direct арқылы хабарламаларға жылдам жауап беру, ең көп таралған сұрақтарға дайын жауаптар секілді функцияларды сынақтан өткізуді бастайды.

Одан бөлек, Instagram-ның мобильді қосымшасы арқылы қосымшадан шықпай-ақ, билет сатып алу, орынды алдын ала брондау инструменттері қазір әлеуметтік желінің серіктестері арқылы сынақтан өткізіліп жатыр.

Instagramның Direct-ы арқылы күн сайын 150 млн қолданушы хабарлама жазады, оның үштен бірі Instagram Stories функциясына жауап ретінде келген хабарламаларға тиеселі.