Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан қандай орынға ие болды

127
интернет
Фото: newsnumber.com

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда интернет пайдаланушылардың саны артқан. 2019 жылдың тамыз айының соңындағы мәліметтерге сәйкес республикада 2,5 миллион тіркелген интернет абоненті бар, олардың саны бір жылда 1,2%-ға өсті. 100 адамға шаққанда интернетке тіркелген 14 абонент бар, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Интернетке қосылу мүмкіндігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны 15,1 млн-ды құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға артық (13,9 млн). 100 адамға шаққанда 82 абонент ғаламторға қосыла алады.

2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша интернетке қол жеткізу қызметтерінен алынған кірістер 15,7%-ға артып, 185,2 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде кірістер 6,8% өсіп, 160 млрд теңгені құрады.

Жалпы, 2018 жылы интернет қызметінен түскен табыс 243,3 млрд теңгені құрады — 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6,4% көп (228,7 млрд теңге).

Қазіргі уақытта Қазақстан тіркелген интернет жылдамдығы бойынша (38,3 Мб / с) 64-ші орында. Рейтингте республикадан сәл жоғары — Сент-Винсент пен Гренадиндер (38,6 Мб / с), ал төменде — Косово (36,7 Мб / с) орналасқан.

Интернет жылдамдығы бойынша көшбасшылар — Сингапур (193,9 Mb/s), Гонконг (161,2 Mb/s) және Оңтүстік Корея (160 Mb/s). Үздік бестікке Румыния (131,2 Mb/s) мен Тайвань (129,4 Mb/s) кірді.