Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Шымкент қаласының экономикасына тартылған қаражат көлемі 582,1 млрд теңгені құрады.
«2018 жылы қала экономикасына 582,1 млрд теңге тартылды, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды», - деп мәлімдеді қала әкімі Ғабидула Әбдірахимов 15 ақпан күні халыққа есеп беру кездесуінде.
Қаланың экономикалық өсімі 7,6%-ке өскен, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,3 трлн теңге болған. 17 367 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 5,2%-тен 5,1%-ке дейін төмендеген.
Шымкент қаласының статистика департаменті мәліметінше, 2018 жылы Шымкентке тартылған қаражат көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024