Инвестициялардың экономикалық маңызы (курстық жұмыс)

785
кітапхана

Экономикаға инвестициялар, зерттеу мәселесі әрқашан да экономикалық ғылымның орталық сұрақтарының бірі болып табылады. Мұндай жағдай инвестициялардың жалпы экономикалық өсу үрдісін анықтай отырып, шаруашылық жұмыстардың терең негіздеріне әсер етуімен байланысты. Қазіргі қалыптасқан шарттарда инвестициялар экономикалық дағдарыстардан шығудың және халық шаруашылығындағы құрылымдық дағдарыстарды шешудің, техникалық прогресті қамтамасыз етудің, шаруашылықтың микро және макро деңгейде жоғарылатудың маңызды құралы болып табылады. Инвестициялық үрдісті жандандыру әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді іске асырудың нәтижелі механизмдерінің бірі болып саналады.

Микро және макро деңгейде инвестициялық белсенділіктің нарықтық түрлері мен механизмдерін терең теоретикалық зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Инвестициялық шығындардың нәтижелік критериилерін теоретикалық негіздеу, капиталдық салынымдар мен экономикадағы құрылымдық өзгерістердің арасындағы өзара байланысты белгілеу, инвестициялардың салалық құрылымында басымдылық бағыттарды анықтау маңызды мәселе. Сонымен бірге негізгі халықтық шаруашылық сфераларының ішінде: негізгі өндіріс, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым арасындағы өзара байланысты анықтау да өзекті сұрақтардың бірі. Қазіргі Қазақстанның өтпелі экономикасында инвестициялық ресурстардың қалыптасу құралдарын және қайнар көздерін зерттеу де үлкен маңызға ие.

90-шы жылдардың ортасында Қазақстанда қалыптасқан экономикалық жағдай инвестициялық белсенділікті күрделілендірді: жеке және мемлекеттік инвестициялар түрлерін жақсы біріктіре алатын нарықтық қатынастарға сай инвестициялық механизм құрастыру қажеттігі орын алды, инвестициялық белсенділіктің түрлі субъекттерінің байланыстарын дамыту талап етілді, ұлттық экономика сала және компания немесе белгілі фирма деңгейінде инвестициялық үрдісті реттейтін заңдық-нормативтік негізге қажеттік туындады.

Бұл мәселелер қоғам дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық үрдістерімен және экономикалық дағдарыстан шығу шешімдерімен тығыз байланысты түбірлі сұрақтар. Сондықтан да түрлі шаруашылық субъекттерінің инвестициялық белсенділік ерекшкліктерін зерттеу экономикалық ғылымның басымдылық бағыттарының бірі болып табылады.

Курстық жұмыста 90-шы жылдары Қазақстанның шаруашылық кешенінде инвестициялардың қайта өндірілу үрдісі қарастырылады, инвестициялық сфераның нарықтық механизмдері зерттеледі, экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен инвестициялар арасындағы өзара байланыстардың ерекшеліктері зерттеледі және осы талдау негізінде Қазақстан экономикасының басымдылық бағыттары белгіленді.

Берілген жұмыста автор инвестицияларды экономикалық өсу қарқынын анықтайтын микро және макроэкономикалық пропорцияларды қалыптастыратын негізгі құрал ретінде қарастырады. Қоғамдық инвестициялардың қалыптасуы және құрылымына ықпал етуі тек негізделген экономикалық рычагтар және нормативтерді анықтау жолымен ғана іске асады. Дүниежүзілік шаруашылықтың құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның ұлттық экономикасының қалыптасуы, инвестициялар саласындағы жолды заңдылықтардың бірқатарын міндетті түрде есепке алуға негізделді, бірақ сонымен бірге мұндай қалыптасу ұлттық нарықтың дамуымен және экономикалық басымдылықтардың өзгеруімен байланысты жаңа мән туындатуда. Сондықтан да инвестициялар қозғалысын берілген факторлардың өзара қатынасының нәтижесі ретінде қарастыру қажет.

Инвестициялар мен басымдылықтармен байланысты зерттеулер экономикалық дисциплиналар дәрістерінде қолданылуы мүмкін. Шаруашылық практикасында инвестициялық белсенділіктің экономикалық механизмін дамыту, жинақтау және қолданудың арақатынасын жақсарту негіздерін анықтауға, инвестициялық потенциалды қолданудың басымдылық бағыттарын табу және т.б., бойынша негізді кеңестерді қолдануға болады.

1     ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
1.1  Инвестициялар және инвестициялық үрдіс  (мақсаттары, факторлары, шарттары).

Қайта өндіру жүйесінде, оның қоғамдық формасына қарамастан, өндірістік ресурстардың жаңаруы және көбеюінде яғни белгілі экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз етуге инвестициялар өте маңызды роль атқарады. Егер қоғамдық қайта өндірісті өндіріс, айырбас, және тұтыну жүйесі ретінде қарастырсақ, инвестициялар негізінен біріншіден — өндіріспен байланысты, және өндіріс дамуының материалдық негізін құрайды.

Инвестиция түсінігі ( латыннан. investio – киемін) мемлекет ішінде немесе шетелде экономика салаларына капитал салуды білдіреді /1,548 б/. Инвестицияларды қаржылық (бағалы қағаздарды сатып алу) және нақты (капиталды өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, білім т.б. салаларға салу) деп бөлеміз.

Нақты инвестициялар капиталды экономиканың бір саласына немесе кәсіпорынға салу нәтижесінде жаңа капиталдың қалыптасуын немесе қолдағы капиталдың өсуін ( ғимарат, тауарлық-материалдық қор, құрал-жабдықтар т.б.), ал қаржылық инвестициялар – капиталды  ( мемлекеттік немесе жеке) акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға салу. Мұнда нақты капиталдың өсімі болмайды, тек меншік титулының сатылуы, берілуі ғана іске асады. Яғни трансферттік операциялар орын алады.

Инвестициялық ресурстар түсінігі тауарлардың және қызметтердің өндірілуімен тұтынушыға жеткізілуіне дейін қолданылатын өндірістің барлық өнімдерін яғни құралдардың барлық түрлерін, машиналар, жабдықтар, фабрикалық — зауыттық, қоймалық, транспорттық құралдар және сату жүйесін қамтиды. Бұл өндіріс құралдарының өндірілуі және жиналуы инвестиция салу деп аталады.

Инвестициялық тауарлар (өндіріс құралдары) тұтынушылық тауарлардан, соңғылардың тұтынуды тіке қанағаттандыруымен ерекшеленеді. Мазмұны бойынша инвестициялар ұлттық байлықты көбейтуге көмектесетін капиталды білдіреді. Мұнда «капитал» терминінің ақшаны білдірмейтіндігіне назар аудару қажет. Дегенмен менеджерлер мен экономистер машиналар жабдықтар және т.б. өндіріс құралдарын сатып алуға бағытталған қаржы туралы сөз қозғағанда «ақшалық  капитал» сөзін көп қолданады. Бірақ, ақша өз алдына ештеңе өндірмейді яғни оларды экономикалық ресурс деп санауға болмайды. Нақты капитал – құралдар, машиналар, жабдықтар, ғимараттар басқа өндірістік күштер – экономикалық ресурс болып табылады, ал ақша немесе қаржылық капитал мұндай ресурстар қатарына жатпайды.

Инвестициялар – бұл болашақта көбірек тұтынуға мүмкіндік жасау үшін ақшаны ертеңгі күнге қалдыру. Инвестициялардың бір бөлігі – бұл берілген уақытта қолданылмай қорға қалдырылатын (қорларды көбейтуге бағытталған инвестициялар) тұтынушылық игіліктер. Инвестициялардың басқа бөлігі – бұл өндірісті кеңейтуге   (ғимараттарға, машиналарға капитал салу) бағытталған ресурстар.

Қазақстанның ұлттық есептерінің жүйесінде инвестициялар статистикасы  (капиталдық салымдар) тек материалдық шығындарды ғана есепке алып «білім», «интеллект», ғылыми зерттеулерге және білім алуға бағытталған инвестицияларға назар аудармайды. Тек материалдық компоненттерді инвестиция ретінде қарастыратын мұндай көзқарас инвестициялардың толық көлемін есептеуге мүмкіндік бермейді/1,548 б/.

Осылайша, инвестиция түсінігі қоғамның нақты капиталын көбейтуге яғни өндірістік аппаратты кеңейтуге немесе модернизациялауға бағытталған экономикалық ресурстарды білдіреді. Бұл жаңа машиналардың, ғимараттардың, транспорттық құралдардың сатып алынуымен және жолдар, көпірлер және басқа да инженерлік құрылыстардың салынуымен байланысты болуы мүмкін. Бұған білім алу, ғылыми зерттеулер және кадрларды дайындау шығындарын да қосу қажет. Бұл шығындар қазіргі заман экономикасында маңызы үсті-үстіне артудағы «адам капиталына» инвестицияны білдіреді, себебі барлық жаңа ғимараттар, машиналар, жабдықтар және қазіргі экономикалық дамудың негізгі факторы – дүниежүзілік мемлекеттер иерархиясында елдің экономикалық жағдайын анықтайтын-зерделік өнім адам белсенділігінің нәтижесі болып табылады /2,17 б/.

Кеңейтілген қайта өндіру қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық роль атқарады. Ұлттық шаруашылықтың қандай салаларына инвестициялардың салынуына ұлттық экономиканың болашақ құрылымы тәуелді: ауыл шаруашылық техникасын шығаратын машина жасау зауыттары көп немесе әскери техника мен өнімдер шығаратын машина жасау зауыттары  басым болады. Немесе басымдық ірі өндіріс кешендерін салатын құрылыс фирмаларында немесе жайлы тұрғын үй салатын құрылыс фирмаларына тиісті болады.

Жеке инвестициялар негізінен пайда табу мақсатымен іске асырылады. Яғни экономика саласының немесе кәсіпорынның пайдалылық деңгейімен берілген экономиканың немесе кәсіпорынның инвестициялық таңдалуы анықталады.

Пайдалылық – инвестициялардың басымдылық бағыттарын анықтайтын өте маңызды белгі. Мемлекеттік емес инвестициялар капиталды тез қайтаратын жоғарғы рентабельді салаларға бағыттылады. Мұндай жағдайда экономиканың капиталды жылдам қайтара алмайтын сфераларына инвестициялар жетіспейді. Инвестициялардың шамадан тыс көбеюі инфляцияға         (экономикалық «қызуына»), жетіспеуі дефляцияға алып келеді. Берілген экономикалық саясаттың шеткі көріністерін үкімет тарапынан іске асырылатын салықтар, мемлекеттік шығындар, кредиттік-ақшалық және қаржылық-бюджеттік саясаттағы эффективті стратегия реттеуі қажет.Инвестиция функциясын  мына графиктен көруге болады:

Нарықтық қатынастарға өту инвестициялар сферасында оның қайнар көздерімен байланысты болады. Инвестициялар инвестордың өз қаржылық ресурстары  (амортизациялық төлемдер, пайда, жинақталған ақша, азаматтардың, хұқықтық тұлғалардың жинағы т.б.), инвесторлардың қаржылық құралдары (банктік, бюджеттік, облигациялық кредиттер, және акциялар мен облигациялардың, азаматтар мен хұқықтық тұлғалардың пайлық үлестерінің сатылуынан алынған), бюджеттік инвестициялық ассигноваялар қарыздық қаржы (кредиттер, заемдар) есебінен іске асуы мүмкін.

1.2 .Инвестициялардың мультипликаторлық эффекті.

Қазіргі макроэкономикада инвестицияның қалыптасу сипаты және халық шаруашылығы модельдерінің құрастырылуы дәлірек айтсақ, мультипликатор моделін құрастыруымен байланысты автономды және индуцияланған инвестициялар деп бөледі.

Автономды инвестициялар түсінігі процент нормасы және ұлттық кіріс деңгейіне тәуелсіз жаңа капиталдың қалыптасуын білдіреді. Автономды инвестициялардың себебі болып – негізінен техникалық прогреспен байланысты инновациялар  (жаңалықтар), сыртқы нарықтардың кеңеюі, халық санының өсуі, төңкеріс, соғыс сияқты факторлар табылады. Автономды инвестициялардың кең тараған мысалы ретінде әскери және азаматтық ғимараттарды және жолдарды салуға бағытталған мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың инвестицияларын қарастыруға болады. Индуцияланған инвестициялар түсінігі тұтынушылар шығындарының деңгейі көбеюінің нәтижесінде қалыптасқан жаңа капиталды білдіреді. Автономды инвестициялар мультипликация эффектін туындатып, экономиканың алғашқы өсіміне жәрдем етеді, ал индуцияланған инвестициялар көбейген кірістің нәтижесі ретінде одан әрі өсімге алып келеді.

Инвестициялық ресурстардың қалыптасу және қолдану үрдісі инвестициялық цикл деп аталатын белгілі кезеңді қамтиды. Егер нақты инвестицияларды қарастырсақ, ол келесі кезеңдерден тұрады: ғылыми зерттеу; жобалау және құрылыс; іске асыру. Мұны төмендегі кестемен көрсетуге болады.

Экономикалық үрдісте инвестициялар негізгі роль атқарып, жалпы экономиканың өсімін анықтайды. Экономикаға инвестициялардың енуі өндіріс көлемінің кеңеюіне, ұлттық кірістің көбеюіне әкеліп, белгілі тауарлар немесе қызметтерді жоғары деңгейде қанағаттандыратын салалар мен кәсіпорындар экономикалық бәсекені жеңеді және жылдам дамиды. Ұлттық кірістің өсімінің белгілі бөлігі қайта жинақталып, өндірістің көлемі одан әрі көбейеді, бұл үрдіс үзіліссіз қайталанады. Осылайша, ұлттық кірістің таралуы есебінен қалыптасқан инвестициялар, оның көбеюін және қайта өндірудің кеңеюіне әкеледі. Оның үстіне инвестициялар нәтижелілігінің жоғарылығы өндіріске қайта салынатын ұлттық кірістің және жинақтаудың абсолюттік көлеміне тікелей әсер етеді. Инвестициялардың жеткілікті нәтижелілік деңгейінде ұлттық кірістің өсімі және тұтынудың өсімі жинақтау үлесінің көбеюін қамтамассыз етеді.

Ұлттық кірістің өсімін өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтіп, өнімдердің санын көбейтетін тек өндірістік инвестициялармен байланыстыру бұрыс болар еді. Мұндай өсімге сонымен бірге, жанама сипатта материалдық емес өндірістің де ықпалын атап өту қажет. Дүниежүзілік тенденцияларға назар аударсақ, берілген өндірістің потенциалы тереңдеуде.

Инвестициялық белсенділіктің ішінде экономиканың құрылыс секторы қомақты үлеске ие. Сондықтан құрылыс секторын қайта өндіру үрдісіндегі ролі мен маңызына аса назар аудару қажет.

Күрделі құрылысқа салынған инвестициялар экономиканы дамыту мақсатында ұлттық шаруашылықтың негізгі фондтарын жаңарту және құрастырумен байланысты қаржылардың жиынтығын білдіреді.

Күрделі құрылыс капиталдық салынымдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Күрделі құрылыс үрдісінде капиталдық салынымдардың берілген обьекттің құрылыс-монтаждық жұмыстарына қажетті жобалық есебіне тең қаржы ғана шығындалады.

Құрылыс – халық шаруашылығының құрылыс-монтаждық, жобалық-архитекторлық, жобалық-конструкторлық ұйымдар және фирмалар, құрылыс сферасында жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу мекемелерін, құрылысты басқаратын шаруашылық органдарын және көптеген құрылыстық орта кіші фирмаларды қамтитын үлкен салаларының бірі. Құрылыстың ерекшелігі негізгі фондтардың жылжымайтын обьектке айналуы және өнімнің орналасу жерінде қолданылуында. Құрылыстың үрдісіне уақыттың көптігі, капиталды және материалды көп қажет ету және тұтынушының қажеттіліктеріне орай ерекшеліктер тән. Құрылыстың әрбір обьекті тұтынушы қажеттіліктеріне тәуелді және белгілі территорияда іске асуына байланысты еңбек құралдары және жұмыс күші бір обьекттен келесісіне көшуде болады. Ерекше баға сметамен бағасы белгіленетін құрылыс обьекттері мен жұмыстар көп түрлі болады. Құрылыстың соңғы нәтижесі ретінде тұтынушыға берілген ғимарат немесе өндіріс орны болып табылатын обьект қарастырылады. Құрылыс өнімдері ұлттық жалпы өнімнің  9% құрайды.

Капиталдық салынымдардың басым бөлігі құрылыс кезеңіне басқа да мақсаттарға жұмсалады. Мысалы транспорттық құралдарға, ауылшаруашылық техникаларына және монтажды қажет етпейтін жабдықтарға капиталдық салынымдар арқылы ұлттық шаруашылық салаларының даму қарқыны және көлемі реттеледі .

Капиталдық салынымдарға құрылыс-монтаждық жұмыстарға, монтажды қажет ететін немесе қажет етпейтін жабдықтарды сатып алуға, машиналар және жабдықтар, өндірістік құралдарға жұмсалған қаржы жатады.

Халық шаруашылығының негізгі фондтарының қайта өндірілуі инвестициялық салынымдардың үш каналы арқылы іске асады: мемлекеттік капиталдық салынымдар, кәсіпорындар және компаниялар ресурстары тарапынан іске капиталдық салынымдар және инвестициялық фондтар және компаниялардың халықтың жинақтарынан бастау алатын салынымдар.

Инвестициялық салынымдардың көп бөлігін негізгі ұлттық кіріс болып табылатын кеңейтілген қайта өндіріске бағытталған капиталдық салынымдар құрайды. Таза салынымдар деп аталатын бұл инвестициялардың көлемін негізгі фондтардың өсімі арқылы түсінуге болады. Негізгі фондтардың белгілі кезеңдегі негізінен 1 жыл ішіндегі өсімі аяқталған құрылыс обьекттерімен есептеледі, ал капиталдық салынымдар құрылысқа қажетті уақыттың өтуімен аяқталып, қолдануға берілген негізгі фондтар ретінде көрініс табатын банктердің қаржыларымен есептеледі.

Капиталдық салынымдардың басқа бір қайнары болып амортизациялық фондтар қарастырылады.

Дамушы экономикада капитал көлемінің өсімін білдіретін, жалпы инвестициялардың амортизациялардан көптігі байқалады. Ал тоқыраудағы экономикада жалпы инвестициялар жыл бойы өндіріске жұмсалған қаржымен тең болады. Артта қалған экономикада жылдық өндіріске жұмсалған қаржыдан жалпы инвестициялардың көлемі әлде қайда аз болып, нәтижеде экономикада капиталдың азаюы байқалады.

Капиталдық салынымдардың құрылымын салалық, территориялық және қайта өндірістік деп бөледі.

Өндірістің техникалық жаңартылуында капиталдық салынымдардың кәсіпорындарды қалпына келтіруге жұмсалуы үлкен маңызға ие. Сондықтан жаңа құрылыстар, қалпына келтіру, модернизация, өндірісті кеңейтуге бағытталған салынымдардың арақатынасына аса назар аудару қажет.

Мысалы АҚШ-та 90-шы жж. басында өнеркәсіптік инвестициялардың технологиялық және қайта өндірістік құрылымы өзгерді: негізгі капиталдың белсенді элементтері – машиналар мен жабдықтарға – 80-ші жылдары инвестициялардың  62% тиісті болса, 90-шы жылдары бұл көрсеткіш – 85% дейін көбейді, жабдықтарды модернизациялауға –  52 және 75% /3,238 б/. Қазір Германияда капиталдық салынымдардың 80% жабдықтарды алмастыру және модернизациялауға, тек  20%  өндірісті кеңейтуге жұмсалуда /3,238 б/.

Интенсивті типтік инвестициялардың өсуі өмір деңгейінің тез өсуінің факторы болып табылады. Өсудегі өндірістік аппарат еңбек өнімділігін арттырады. Яғни қазіргі игіліктер негізінен кешегі инвестициялардың нәтижесі болып табылады, ал бүгінгі инвестициялар ертеңгі еңбек өнімділігін  және игіліктерді арттырады.

Қазіргі тұтыну мен келешекте тұтынуды таңдау мәселесі де өте өзекті. Бүгін қанша өндіріске қажеттіктерді үнемдесек, ертең одан да көп тұтынуға мүмкіндік туындайды. Керісінше, қазір қанша ресурстарды қолдансақ, келешекте жоғарғы деңгейлік игіліктер және жоғары экономиканың өсу қарқынына мүмкіндіктер сонша азаяды. Сондықтан да жинақталған қорлар барлық халық шаруашылығы үшін өте маңызды ресурс болып табылады.

«АҚШ-та жинақтау нормасы ұлттық кірістің 15-16%, Европада 20-22%, ал КСРО-да 45-50 % деңгейде болды. 50 % — соғыс жағдайындағы норма болып табылады» / 4, 67 б/.

Ұлттық кірістің шектен тыс жиналуы байқалады. Дегенмен АҚШ-та КСРО-дай әскери шығындар есепке алынбайтындығын ескеру қажет. Азаматтық салаларда жинақтау нормалары АҚШ-та КСРО-дан көп болды. Сондықтан да КСРО да жинақтардың басым бөлігінің әскери мақсаттарға жұмсалуы өмір деңгейіне жағымсыз әсер етіп, кедейшілікке әкелді.

Инвестициялардың шаруашылық нәтижелілігі және экономикалық өсу қарқынына әсер етуімен бірге, жұмыспен қамтамасыздық және кірістерге тіке және жылдам ықпал етеді. Мысалы, егер құрылыс секторында инвестициялар азайса, құрылысшылардың арасында жұмысыздық көбейіп, жиынтық кірістері қысқарады, нәтижесінде олардың өнімдеріне сұраныс төмендейді. Оның үстіне инвестициялардың азаюы құрылыстық компанияларға қажетті өнімдерді өндіретін кәсіпорындарға жағымсыз әсер етеді.  Белгілі бір кәсіпорын тарапынан өндірістік аппаратты кеңейтуге бағытталған инвестициялары барлық экономикаға жәрдемші роль атқарады.

Кәсіпорынның түрлі машиналар сияқты инвестициялық тауарларды сатып алуы, экономикаға жағымды әсер ететін тауар рыногында сұраныстың жоғарлауына әсер етеді.

Осылайша инвестициялар өндірістің келешектегі кеңеюіне ғана емес сонымен бірге қолдағы өндірістік қуаттың қолданылуына да әсер етеді. Тауарлық-материалдық қорларға инвестициялар яғни олардың шығындалудан көп болуы өндірістік қуаттың қолданылу деңгейіне әсер етеді. Сондықтан да инвестициялық үрдістегі өзгерістер экономика өсімінің жақын және алыс келешектегі қарқынның негізгі факторы болып табылады.

2   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Инвестициялар және Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымдық қайта құрылуы.

Қазақстандағы инвестициялық белсенділік сыртқы және ішкі қаржы қайнарлары есебінен өндірісті жандандыруға бағытталады. Мемлекет барлық жолмен шетел капиталын тартуға бағыт алып, осы мақсатпен жағымды факторлар кешенін құруда.

Бұл көзқарасты қолдайтын Қазақстан Президенті      Н.Назарбаев «біздің негізгі мақсатымыз – Қазақстанды халықаралық қоғамдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, ең маңызды салаларға инвесторларды тарту » деп тұжырымдайды.

Көптеген шетелдік компаниялар мен бизнесмендер Қазақстандағы инвестициялық климатты жоғары бағалайды. Республиканың пайдалы қазбаларға байлығы, аграрлық және өнеркәсіптік потенциалы, жоғары білікті кадрлар мен мамандардың және арзан жұмыс күшінің болуы, пайдалы геосаяси орынмен қатар, саяси жағдай мен ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына ерекше назар аударылады.

Шетел капиталын тартуды стратегиялық басымдылық міндеті ретінде жариялаған Қазақстан дүниежүзілік шаруашылыққа интеграцияға және ашық экономикаға өтуге қажетті өркениетті заңдық негізді қалыптастыруға барлық шараларды қабылдауда.

«Шетел инвестициялары туралы» /5/, «Тіке инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» /6/, Заңдар қабылданды. Президент 1997ж. «Тіке шетелдік инвестицияларды тарту қажет, Қазақстан Республикасы экономикасының басымдылық секторларының тізімін бекіту туралы»  /7/, «Инвесторлармен келісім шарттарға қол қою барысында жеңілдіктер жүйесі және оларды алу Ережелерін бекіту туралы»/8/. жарлықтарға қол қойды.

1997ж. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі инвестициялық қатынастарды хұқықтық реттейтін республиканың хұқықтық акттер тобы  «Тіке инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» /6/, және «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Бағалы қағаздармен байланысты істерді тіркеу туралы «Республикалық Заңдармен толықтырылды.

Сонымен бірге бірқатар өзара инвестицияларды қорғау және қолдау туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Жалпы қазіргі уақытта шетел капиталын тарту және қорғау істері 20 астам заңдар және нормативтік-хұқықтық акттермен реттеледі.

Бұл заңдар бойынша шетел инвестициялары Қазақстанда кез-келген сферада, кез-келген объектілерге барлық ұйымдастыру-хұқықтық формаларда жұмыс істей алады және олардың толық иелері немесе біріккен кәсіпорын құру арқылы тек бір бөлігінің иегері бола алады.

Шетелдік инвесторларға түскен пайданы өз қалауымен қолдану хұқығына кепілдік беріліп, олар қайтадан инвестициялар салуға немесе тауар сатып алуға т.б. мақсаттарға бағыттай алады.

Еліміздің экономикасына қомақты инвестициялық ресурстарды тарту, оларды нәтижелі және үнемді пайдалану қажеттігі есепке алынып, Президент жарлығымен біріккен орган – ҚР инвестициялар бойынша мемлекеттік комитеті құрылды.

Елімізде экономиканың басымдылық секторына тіке инвестицияларды тарту мақсатымен белгілі жарнамалық жұмыстар да іске асырылуда.

Мысалы, 1997ж. маусымда Алматы қаласында 17 елдің 52 компаниясының жетекшілері мен өкілдері және 2 халықаралық ұйым қатысқан «Қазақстандық инвестициялық саммиттің» бірінші Форумы өткізілді. 1997ж. қыркүйегінде Лондон қаласында негізгі мақсаты үлкен шетелдік инвесторлардың Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктеріне назарын аудару болған  «Қазақстанға инвестиция салғанда» халықаралық конференциясы сәтті өтті.

1997ж. 18-19 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің АҚШ-қа ресми сапарында Вашингтондағы Галлодет университетінде үлкен американ және трансұлттық компаниялар қатысқан «Қазақстанның сауда және инвестициялық мүмкіндіктері, оның геостратегиялық маңызы» атты конференция өтті. 1997ж. 27 қарашада Франкфурт қаласында «Қазақстан – сауда және инвестициялар» конференциясы өткізілді.

1999ж маусым айында Алматы қаласында «Алматы инвестициялық саммитінің» үшінші халықаралық форумы өткізіліп, оған 22 мемлекеттен 160 компания қатысты.

1999ж. маусымда Лондон қаласында Қазақстан және ITE компаниясымен бірге «Қазақстан – жаңа мыңжылдықтың астанасы» халықаралық саммит-конференциясын ұйымдастырып, оған Европа және Америкадан 250 делегат қатысты.  «Р Джей Рейнолдс Интернешнл» компаниясының ТМД және Балтық елдері бойынша Президенті Еик Рингер өз компаниясының қатысуын жағымды бағалады. 1994ж. бастап өндірістің дамуына 60 млн.дол. инвестицияланған. Компания Қазақстанға сенеді және өндірісті одан әрі кеңейту дайындалуда. Ортаазиялық парламенттік топтың жетекшілерінің бірі лорд Вейверли Қазақстанның аймақтағы маңызды мемлекет ретінде Даунинг-стритке айналғандығына назар аударды. Екі жақты ынтымақтастықтың дамуы стратегиялық мүдделерге сай.

Қабылданған заңдық акттер, ұйымдастыру шаралары Қазақстан экономикасына инвестициялардың келуіне жәрдем етті. Қазір Қазақстанда 40-тан астам мемлекет инвесторлық жұмыспен айналысуда. Қазақстан үшін негізгі мақсат тіке инвестициялар болып табылады.

1996ж. тіке инвестициялар көрсеткіші 1995 жылға қарағанда 2 есе өсіп 1220,2 млн.дол. құрады, ресми заимдар 508,8 млн.дол. болып, оның ішінде 135,2 млн. дол. ХВФ-ң кредиті. 1997ж. пайдаланылған тіке инвестициялар көлемі 1830,8 млн.дол. құрады.

1998ж.тіке инвестициялар көлемі 1,2 млрд.дол. құрап, Қазақстан Республикасының Президенті «бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш деп ескерді. 1997ж. Батыс Азиядан 1,5 есе инвестицияларды көп алған Орта Азияға инвестициялар ағымы 6 жыл бойы байқалуда. Оның ішінде 755 инвестиция Қазақстан және Әзірбайжан үлесінде».

Қазақстан инвестициялық белсенділік бойынша ТМД елдері ішінде 2-ші орында. Қазіргі кезеңде салынған инвестициялар көлемі бойынша төмендегідей тізім қалыптасқан: Ресей — 9,201 млрд.дол., Қазақстан — 5,729 млрд.дол., Әзірбайжан — 3,233 млрд.дол., Украина — 2,696 млрд.дол., Түрікменстан — 762 млн.дол., Грузия — 512 млн.дол., Өзбекстан — 423 млн.дол., Беларусь — 346 млн.дол., Молдова — 342 млн.дол., Қырғызстан — 309 млн.дол., Армения — 265 млн.дол., Тәжікстан — 87 млн.дол.

Қазақстан ТМД елдері ішінде жан басына шаққандағы тіке инвестициялар көрсеткіші бойынша жетекші орынды иеленіп, 1993-97жж. жанбасына 400 дол. көрсеткішке қол жеткізді.

1990 жылдан бастап Қазақстанда отандық және шетел капиталының қосылуымен біріккен және таза шетел капиталына кәсіпорындар ашыла бастады. Егер 1990ж. олардың саны 15 болса, 1996ж. — 995, 1997ж. – 1227, олардың ішінде біріккен – 732, шетелдік – 395 болды. Жалпы жарғылық капитал 37,2 млрд.тенге.болды.

Бұл кәсіпорындардың құрылуына 74 мемлекеттің іскерлері атсалысты, оның ішінде 11 мемлекет бұрынғы КСРО құрамындағы елдер. Біріккен және шетел кәсіпорындарының капиталдық салынымдардағы үлесі 1995ж. 9,1 есе өсті. Қазақстандағы кәсіпорындардың басым көпшілігі Ресей, Түркия, Германия және АҚШ фирмалары және корпорациялары тарапынан ашылды.

2.2 . Әлеуметтік салада инвестициялық үрдісті қамтамасыз ету.

Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша инвестициялық саясат төмендегі қағидаларға негізделеді:

  • қайтарылмас қаржыландырудан кредиттік негізде қайтарылатын ақылы қаржыландыруға орталықтандырылған инвестициялар есебінен кәсіпорындарға мемлекеттік қолдауға бетбұрыс. Қайтарылмас бюджеттік қаржыландыруды коммерциялық емес (пайдасыз) және өз қаржы ресурстары жоқ әлеуметтік маңызға ие обьекттер үшін сақтау;
  • шетелдік капиталды тартумен бірге инвестициялық жобаларды біріккен (үлестік) мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру практикасын кеңейту. Мұндай саясат мемлекеттік күрделі құрылыс бағдарламаларын іске асыруда қаржы жетіспеушілік мәселесін шешуге жәрдем береді. Шағын бизнес обьекттері және өте нәтижелі әрі пайдалы инвестициялық жобаларды өндіріс құрылымының қайта құрылуын жылдамдату үшін олардың салалық орны және меншік түріне қармастан, іске асыруға орталықтанған (кредиттік) инвестициялық құралдардың бір бөлігін пайдалану, инвестициялық сфераға отандық және шетел капиталын тарту мақсатымен нормативтік негізді дамыту;
  • кредиттік және қайтарылмас қаржыландыру түріндегі республикалық бюджеттің инвестициялар ретінде бағытталған қаржыларының мақсатты шығындалуына мемлекеттік бақылауды күшейту. Қазақстан Республикасының шаруашылық субьекттері және банктердің үкіметтік кепілсіз шетелдік коммерциялық кредиттерді тартуына шектеулер жоқ.

1997ж. Қазақстан тіке шетелдік инвестицияларды тарту бойынша халықаралық қаржылық ұйымдар тарапынан Шығыс Европадағы өтпелі экономикадалы елдер ішінде жетекші орындардың біріне қойылды.

1997 жылдың соңында Лондонда өткен  «Орта Азия–Ресей-Қытай: геосаясаттан Евразияның геоэкономикасына» атты конференциясы инвестициялардың жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша Қазақстан бұрынғы социалистік елдер ішінде Венгриядан кейінгі екінші орынды иеленуін атап өтті.

«Институционалдық инвестор» журналы өткізген сауалнамада Қазақстан 1997ж. наурызынан 1998ж. наурызы арасында инвестициялық беделдің өсу қарқыны бойынша бірінші бестікте орналасты.

Салықтар және инвестициялар бойынша халықаралық орталықтың президенті Даниел Л.Уитт  «Қазақстан инвестициялар обьекті ретінде жаңа нарықтық экономиканы Евразиялық және Шығыс-Европалық елдер ішінде жетекші орында» деп санайды.

1998 жылдың наурызында «Филип Моррис» фирмасының өкілі  Мэгги Вагнер фон Ледебур «ТМД елдерінің арасында тек Қазақстан ең жағымды салықтық және инвестициялық режим құрды» деп жазды.

Қазақстан экономикасының түрлі секторына халықаралық атаққа ие фирмалар мен үлкен трансұлттық компаниялар инвестициялар салып жетістікпен жұмыс істеуде.

«Филипс петролеум» және жапондық «Инпекс» компаниялары, Каспийдегі ең үлкен мұнай қоры болып табылатын Қашаған кенішінің жеті де бір бөлігі үшін Қазақстанға премия ретінде 500 млн.дол. төледі.

Өзен және Ақтөбе кеніштеріндегі үш жобаға Қытай ұлттық мұнай –газ компаниясының қатысуы жалпы сомасы   9,5 млрд.дол. болатын инвестицияларды білдіреді.

Өзенмұнайгазға 4 млрд.дол. астам, Ақтөбемұнайгазға 1100 млн.дол. мұнай құбырын салуға 3,5 млрд.дол. салынды.

1998ж. қыркүйекте «Казахойл», «Казахстан-Каспийшельф», «Инпекс норд каспиан, лтд», «Жапон ұлттық компаниясы» және «Филипс петролеуммен» мұнай қорларымен жұмыс істеу туралы келісімдерге қол қойды. Келісімдердің жалпы бағасы 2 млрд.дол. құрады. Сонымен бірге Жапония Қазақстанға 1 млрд.дол. көлемінде жеңіл кредит берді.

1998ж. дүниежүзілік құрылыс компанияларының жетекшісі «Тэйсэй» компаниясы, Қазақстанның жаңа елордасы Астананың жалпы жоспарын жасауға тендерді жеңіп алған архитектуралық «Курагава» компаниясының кеңесшісі болды. Бұл компания Солт.Каспийде мұнай өндірудің көбеюімен, Ақтауда порттың салынуымен, Атырау жанармай зауытының реконструкциясымен байланысты келешекті жағымды бағалайды.

Жапондық «Марубени» компаниясы денсаулық сақтау және атом өнеркәсібінде бірнеше жобаларды жүзеге асырды. Қазіргі кезде бұл компания тігін өнеркәсібін дамыту бойынша ұсыныстар жасап, Ақтөбе облысында жаңа темір жол салу жобасын қарастыруда.

ЕБРР жеке және соңғы жекешелендірілген республика кәсіпорындарын реконструкциялау және модернизациялау үшін арнайы жекешелендіруден кейінгі Қазақстан фондын құрды. ЕБРР-дің фондқа салған қаржылық үлесі 30 млн.дол. болды.

1997 жылдың наурызында ЕБРР қызметкерлері Қазақстанда «көптеген инвестициялық мүмкіндіктер бар» деп тұжырымдады. «Бұрын Қазақстан Ресей үшін шикізат немесе өңделмеген заттар шығарушы ел ретінде болса, қазір өз ішкі рыногын және көршілес рыноктардың сұранысын қанағаттандырар өндіріс дамытуға мүмкіндік туындады».

Берілген факттер халықаралық қаржы қоғамдастығының еліміздің жағымды инвестициялық режим орнатудағы еңбегінің ақталуының дәлелі.

Келер жылдары экономикамыздың түрлі салаларына көптеген инвестициялар қажеттігі туады. Мысалы 2004ж. энергетика саласында жаңа қуатты енгізуге, жабдықтарды жөндеп, алмастыруға 3 млрд.дол. көлемінде қаржы керек.

Қазақстанның транспорттық-коммуникациялық кешеніне 2005 жылға дейін 6 млн.дол.,ал 2030ж. дейін 25 млрд.дол. қажет /9/.

1997ж. 5 сәуірде қол қойылған «Тіке шетелдік инвестицияларды тарту қажет Қазақстан Республикасының  экономикасының басымдылық секторларының тізімін бекіту туралы» Президент жарлығына сай 4-ші пункт әлеуметтік сфера үшін өте маңызды. Онда: тұрғын үй, әлеуметтік сфераның және туризмнің обьекттері, коммерциялық тұрғын үйлер, денсаулық сақтау және білім беру обьекттерін және жалпылама демалыс үйлерін, мәдениет және спорт үйлерін дамытуға бетбұрыс инвестициялық саясаттың әлеуметтік сфераға бөлінген назарын түпкілікті анықтайды.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ  ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ (ФОРМАЛАРЫ, КӨЛЕМДЕРІ, ШЕШІМДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ).

3.1.Қазақстандағы  инвестициялық  жағдай

Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі 1993-2000ж. арасында  12 млрд. дол. асып түсті.

Тек 1999ж. Қазақстанға 1,5 млрд.дол. көлемінде инвестициялар тартылса, ал 2000ж. республикаға салынған инвестициялар 2,7 млрд.дол. көрсеткішіне жетті. /10/.

Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі бойынша жетекші орындарды АҚШ (36%), Ұлыбритания (17%),  және Италия (13%) иеленді./11/.

2001ж. Қазақстан 60-70 млрд.дол. сомасында инвестициялар күтті.

Еліміз инвестициялар бағытын мұнай және кен өндіруден машина жасау, өңдеуші салалар транспорттық және әлеуметтік құрылымдарға бұруда.

Түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктерге мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасының басымдылық секторларына: өндірістік инфрақұрылым, өңдеуші өнеркәсіп, Астана қаласының обьекттері, тұрғын үй, әлеуметтік сфера обьекттері, туризм және ауыл шаруашылығы жатады.

Инвесторларға экономикалық жігер беруге бағытталған 1997ж. «Тіке инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңның қабылдануынан кейін Қазақстан экономикасының басымдылық секторларында инвестициялық жұмыспен айналысушы инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер беру туралы 233 контрактке, оның ішінде 2000ж. 77 контрактке қол қойылды.

2001ж. еркін нарықтық экономика қағидаларын бекітіп, барлық шаруашылық субьекттеріне жағымды шарттар қалыптастыратын жаңа Салықтық кодекс қабылданды. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап қосымша құн салығы 20 дан 16% және әлеуметтік салық  26% дан 21% төмендетілді.

Қазақстанда шетел компанияларының жетекшілері және өкілдерінің кіріп-шығу мәселелерін жеңілдету мақсатымен арнайы   «инвесторлық виза» беру практикасы енгізілді. Мұндай визалардың иегерлері ішкі істер органдарында тіркелмей, құжаттық және кедендік бақылауды жеңілдікпен өтеді.

Қазақстанда инвесторлардың жұмысына жағымды әсер ететін бірқатар саяси факторлар баршылық: саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы және дамуы, шетелдік инвесторлар үшін ұлттық режимнің қамтамасыз етілуі яғни пайданы репатриациялау хұқығы берілген.

Үкімет нарықтық бәсекені әкімшілік араласпау арқылы қамтамасыз ететін оңтайлы макроэкономикалық саясатты жалғастыруда.

Инвестициялық климатты жақсарту, жаңа инвестицияларды тарту және оларды дамытуға мемлекеттік қолдау жүйесін күшейту Қазақстан саясатының басымдылық бағыты болып табылады.

3.2. Тіке шетелдік инвестициялар.

2002ж. Қазақстанға 2001ж. инвестициялары көлемінен 1 млрл.дол. жоғары 4,5 млрд. дол. болды.Бұл ақпаратты 27 қыркүйекте мәжілісте экономика және сауда министрі Жақсылық Күлекеев хабарлады. Министрдің айтуынша 2002ж. Agip КСО — 1,5 млрд.дол.,ТШО – 850 млн.дол. және Қарашығанақта жұмыс істейтін ұйымдар     1 млрд.дол. инвестициялады. Ж.Кулекеев “2003ж. шетелдік тіке инвестициялар көлемі 5 млрд.дол-дан кем болмайды”. “Біздің негізгі мақсатымыз барлық инвестициялардың көп болігін импорт алмастыру бағдарламасын қарастырудамыз” деп тұжырымдады.      Ж.Кулекеевтің ақпараты бойынша 2003ж. бастапқы 7 айында отандық тауар өндірушілер импортты алмастыру бағдарламасы бойынша 50 млн.дол. сомасында тауар сатып, қызмет көрсетті.

Ресей — 9,201 млрд.дол., Қазақстан — 5,729 млрд дол., Әзірбайжан — 3,233 млрд.дол., Украина — 2,696 млрд.дол., Түркменстан — 762 млн.дол., Грузия — 512 млн.дол., Өзбекстан — 423 млн.дол., Беларусь — 346 млн.дол., Молдова — 342 млн.дол., Қырғыстан — 309 млн.дол., Армения — 265 млн.дол., Тәжікстан — 87 млн.дол.

1993-2000жж. арасында Қазақстан экономикасына салынған инвестициядардың жиынтық сомасы 12 млрд.дол-дан асты. Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемінен жетекші орындарды Жапония және Корея иеленеді.

Бұл екі мемлекет үлесіне барлық инвестициялардың  55%, Батыс Европа елдеріне 30%, АҚШ үлесіне — 11,1%.

Инвестициялардың жартысынан астамы қара және түсті металлургияға және ширегі мұнайгаз саласына бағытталады.

1633,2 млн.дол. сомадағы 1999ж. инвестициялар берілген бағыттарда қолданылды: жабдықтарды сатып алу — 153 млн.дол., техникалық жабдықтау, реконструкция — 83 млн.дол., айналыстағы құралдарды толықтыру — 395,3 млн.дол., геологиялық барлау жұмыстары — 75,6 млн.дол., басқалары — 727,8 млн.дол., жарғылық фондтарға төлемдер — 100,8 млн.дол., бюджетке төлемдер — 97,7 млн.дол. «Басқалар»  бағыты  туралы ресми статистика ақпарат бермейді  /12/.

Келешекте инвестицияларды тарту жетекшілігі түбегейлі өзгерді. 2000 жылы елімізге бағытталған инвестициялар көлемі 2,7 млрд. дол. Болды /10/.

Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар бойынша жетекші орындарды  АҚШ(36%), Ұлыбритания (17%) және Италия (13%) иеленеді /11/.

Салықтық және кедендік жеңілдіктер берілетін Қазақстан экономикасының секторларына: өндірістік инфрақұрылым, өңдеуші өнеркәсіп, Астана қаласының обьекттері, тұрғын үй, ауылшаруашылық, туризм және әлеуметтік сфераның обьекттері.

Қазақстан Республикасында басқа да мемлекеттермен бірдей салынған капиталдың негізін инвестициялардың 83,9% тіке инвестициялар түрінде болды. Олар негізінен қара және түсті металлургия, мұнай-газ кешеніне бағытталған, яғни түскен пайданың сыртқа кетуіне әкелетін жоғары пайдалы салаларға салынған. Келген ақша мен шығарылған қаржылар арасындағы арақатынас елімізден кірістің үлкен көлемде тіке және жанама түрде шығарылуын дәлелдейді.

Серіктес-елдердің инвестициялық үрдістегі географиялық бағытталуы төмендегі басымдылықтардың қалыптасуына әкелді: Жапония — 36,9%, Оңт. Корея — 20,1%, АҚШ — 17,4%, Ұлыбритания — 11,7%, Франция — 14,5%, Германия — 3,9%, Түркия — 3,0%.                      

Бұрынғы КСРО елдеріне шетел капиталдарының тартылу бағыттарын анықтау үшін шетелдердің тәжірибесін зерттеу маңызды. Түрлі даму елдер топтарына жатуына қарамастан Қазақстан Республикасы Жапония, Германиямен ортақ ұқсастықтарға ие:

өндіріс құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі, инфляцияға әкелген терең дағдарыстың басталуы;

бұрынғы әлеуметтік жүйенің күйреуі және қоғамдық санада жаңа ойлауды қалыптастыру қажеттігі;

жоғары білікті және арзан еңбек ресурстары орын таба алатын ішкі рынокты кеңейтудің потенциалды мүмкіндіктері;

шетелден инвестициялар ағымы көбейтуге қажетті обьективті алғышарттардың болуы (заңдық режим, инвесторлардың ұлттық режиммен тең қарастырылуы, жеңілдіктер жүйесінің болуы);

Қазақстандық қоғамның тұтастығы, халықтың сабырлығы, үкіметтің шетелдік инвесторларға жағдай жасауы және оппозициялық партиялардың толық қалыптаспауы көрініс тапқан жағымды әлеуметтік-психологиялық ортаның болуы.

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын есепке ала отырып, Қазақстан төмендегі бағыттарды қамтитын экономиканың қаржылық тұрақтану кезеңінің бастапқы уақытында қажетті қатаң методтарды қолданды: үкіметтік кредиттер мен кепілдіктерді шектеу (себебі үкіметтік кредиттер алдын-ала төлемді, кепілдік беруді және соманы процентімен қайтаруды талап етеді). Мұндай жағдайда елге келетін инвестицияларды көбейту мүмкіндіктері кеңейеді. Инвестицияларды тарту жолының бұл түрі төмендегі факторлармен басым:

тіке шетелдік инвестициялар донордың келешектегі мүдделерінің іске асырылуына мүмкіндік береді;

өндіріс үрдісін басқаруға донорлық қатысу хұқығын иелену мүмкіндігі;

сыртқы қарыздардың сомасына тәуелсіз үлкен көлемде қаржы ресурстарын тартуды қамтамасыз етеді;

іскерлік және шаруашылық беле шаруашылық белмасыз ететін өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық түрлерін кеңейтуге мүмкіндіктер қалыптастырады;

мұның барлығы Үкіметтік инвестициялық бағдарламаны қабылдау бағытын қалыптастырды: құрылыс және обьекттерді сатып алумен қатар біріккен кәсіпорындар және филиалдар салу, обьекттерді шетел компанияларына басқаруға беру, акционерлік және банктік мекемелердің инвестициялары арқылы донорлардың кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісіне қатысуын кеңейту. Пайдаланудағы бағыттардың сипатында да өзгерістер байқалуда. Мысалы  біріккен кәсіпорындар алып сату іскерлігінен өндірістік, банктік, құрылыстық және ауылшаруашылығында көбейе бастады. 1997ж. жұмыс істеп жатқан біріккен кәсіпорындар саны 1388 жетіп, оның ішінде шетелдік инвесторлар басқаратын кәсіпорындар саны – 100 болды. Серіктестер мүдделерінің өзгеруі олардың өндірістік мақсаттарды іске асырып, өнімнің рыногын сақтауға ұмтылысын анықтайды; Қазақстан Республикасы экономикасына салынған айналыстағы капиталдардың көбеюі жеке жобалар бойынша жекешелендіру үрдісіне әсер етті.

Дегенмен, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне іштен және сырттан қауіп төндіретін бірнеше жағымсыз факторлар төмендегідей:

  1. Халық шаруашылығының белгілі салаларының дамуында үлкен теңсіздіктің пайда болуына әкелген мұнай-газ, қара және түсті металлургияның донор үшін негізгі инвестициялық обьект ретінде сақталуы. Инвестициялардың мұндай сипатта дамуы кейбір салаларда шетел инвесторларының монополистерге айналуына әкелді (темекі өндіру, маргарин өндірісі т.б.).
  2. Тіке шетелдік инвестициялар құрылымның 70% негізінен инвестор-кәсіпорыннан оның филиалдары, заим, ссуда түрінде алатын қаржыдан тұрады. Мұндай инвестициялар фирмааралық қарыздардың қалыптасуына және қатал шартты комерциялық кредиттердің таралуына әкелді.
  3. Негізгі инвестор тарапынан кредит беру қаржыландыру инвестициялар көлеміне сай емес пайданың трансферттелуіне әкеледі. Мысалы дүниежүзілік практикада пайданың кетуі инвестициялардың 20% аспайды, пайданың қайтадан инвестициялану үрдісі бухгалтерлік және басқа жолдармен алдамай-ақ елден қаржының кетуіне себеп болады, яғни мемлекеттен тіке және жанама пайда шығарылады.
  4. Тіке инвестициялар ағымы басқа шетелдік инвестициялар түрлерімен салыстырғанда төмен деңгейде реттеледі, нәтижеде төлемдік балансқа белгілі түрде әсер етеді.
  5. Инвестициялардың экономиканың өндеуші емес, шикізаттық салаларға бағытталуы, олардың экспорттық басым бөлігін құруы сияқты жағымсыз нәтижеге соқтырады. Оның үстіне кеден арқылы өту барысында тиесілі экспорттық төлемдердің өсуі орын алмайды.
  6. Тіке инвестициялардың Қазақстан Республикасына тартылуы, дүниежүзілік практика көрсеткендей алыс келешекті болжауға мүмкіндік бермейді. Мысалы тәжірибе бойынша, көптеген донорлар өз міндеттерін орындай алмай төлемдік дағдарыс басталып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы тұрақсызданады. Обьекттер негізінен оңтайлы шарттармен басқаруға берілді: экспортқа бағытталған өндірістерді ҚҚС және әлеуметтік обьекттерді қамтамасыз етуден босату, жұмысшылар санын қысқартуда еркіндік, сату бағытының ТМД ауыл шаруашылығынан тыс ауданға бұру хұқығы. Оның үстіне белгілі өндіріске салынған бастапқы инвестциялар келер жылдардағы коммерциялық кредиттерден жоғары деңгейде көп болады.
  7. Информациялық рыноктың толық қалыптаспауы, шетел басқаруына беру жолының жабық болуы, келісім шарттары мен міндеттемелерінің орындалуына бақылауға мүмкіндік бермейді.

Нәтижеде қарыздарды төлеу, жалақыны уақытында төлеу, экспортты өсіру және зауыттар жұмысының тұрақтылығы мәселелері 1996 жылы шетел инвесторларына жаппай обьекттерді беру, орындалған 1995ж. көрсеткіштерінен төмен болды.

Қазақстанда нарықтық өзгерістер толығымен басқа мемлекеттер сияқты инвестициялық үрдістің жандануына төмендегі макроэкономикалық сипаттағы факторлар кедергі болуда.

Бірінші мәселе жинақтау ресурстарының пайдаланылу нәтижелігінің олардың капитализациялық механизмнің жоқтығымен (қамсыздандырудың зейнетақы қорының, инвестициялардың нарықтық институттарының және жинақтарды салынымдарға айналдыру механизмдерінің толық қалыптасуы) байланысты. Қазіргі уақытта жинақтаудың тартымдылығын және оларды инвестицияларға айналдыруды қамтамасыз ете алмауы, жағдайды одан әрі қиындатуда.

Екінші мәселе нәтижелі инвестициялық жобалар түрінде республикалық ұсыныстар банкінің қалыптасуымен сипатталады. Көптеген жобалар жоғары нәтижелі идеялардың іске асуына кедергі болатын жабық және әлсіз бәсеке шарттарында қарастырылуда.

Үшінші мәселе — төлемдер дағдарысы жағдайында қарыздардың сақталуы. Қаржы ресурстарын айналымдық құралдарға салу қажеттігі ақшаға сұраныстың жоғарылауына және инвестициялауға қаржы жетіспеуіне әкелуде.

Төртінші мәселе өндірістегі пайдаланудан тыс орасан зор қаржы, оған қызмет етуге қомақты сома қажет етуімен сипатталады.

Бесінші мәселе – қажетті жолдардың жоқтығына байланысты амортизациялық төлемдер мен жалпы ішкі өнімнің арақатынасының жоғары болуына әкеледі. Нәтижеде берілген мәселелер өндірістік шығындар құрылымының қиыстығына, өндірістің таза пайдасының төмендігіне, бюджеттік төлемдер жиналуының төмендігіне, өндіріске қатыспайтын мүліктік активтермен айналысатын қаржылық кәсіпорындардың шектен тыс жұмысына әкеледі.

«Көрінбейтін» рынок қолы тұжырымын қолдайтын көптеген экономистер мемлекет қатысуын төмендетуге бағытталған саясат ұстануды ұсынуда. Дегенмен Қазақстан Республикасындағы ерекшкліктер және жоғарыдағы факторлар инвестициялық белсенділікті жоғарылату үшін жағымды шарттарды қалыптастыру мақсатымен мемлекет қатысуын кеңейтуді (бәсекеге төзімді отандық өндірушілерді бюджеттік қаржыландыру және қолдау, тұрақты ВЭП іске асыру, өнеркәсіп салаларын тең қарқынмен дамыту) қажет етеді.

Терең нарықтық өзгерістер кезеңінің басталуы жоғары инвестициялық белсенділікпен бірге өтуі қажет етеді. ЖІӨ құрылымында негізгі капиталға инвестициялау үлесі 30 — 40% құрайды. Көптеген шығындарды қажет ететін халық шаруашылығы секторларынан шикізаттық салаларға бетбұрыс өнеркәсіп дамуында теңсіздіктердің қалыптасуына әкеледі.

КСРО кезінде қолданыла бастаған жабдықтардың моральдық емес, негізгі фонд ретінде тозуы 40% деңгейінде қарастырылады. Бұл қажеттікті кәсіпорындар тек 25-40% қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне ұлттық қаржылық, кредиттік жүйенің және олардың институттарының толық қалыптасуы шетел капиталының жаппай таралуына әкелді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамушы елдермен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен ортақ белгілерді байқауға болады.

Реформалардың бірінші кезеңінде инвестициялық – жекешелендіру фондтар құрылып, үкімет кепілдігімен шетел капиталдары тартылды.

Екінші кезеңде отандық тауар өндірушілерінің банкротына және қарыздардың көбеюіне әкелген жекешелендіру үрдісінің белсенділігінің қамтамасыз етілуі және мемлекеттік меншіктің 80% сыртқы инвесторларға сатылуы іске асырылды.

Үшінші кезеңде жекешелендірудің «тереңдеу» үрдісі республикалық рынокта шетел банктері ролінің кеңеюіне яғни аргентина инвестициялық қателерінің қайталануына әкелді: шығындарды азайту жолына бағыт алу өңдеуші салалар мен ғылыми технологияларды дамытуға шарттар қалыптастырмай дәстүрлі салаларды кеңейту; нәтижелі инвестициялық және сыртқы саудалық саясаттың болмауы «өсу нүктелерін» дұрыс анықтауға мүмкіндік бермей, сыртқы экономикалық саясатты «өсу локомотиві» емес «тежеуші локомотивке» айналдырды; әлеуметтік реформалардың тоқталуы, халық табысының төмендігі, тұтынушылық кредиттің қажетті деңгейде дамымауы халықтың инвестициялық саясаттың белсенді субьектіне айналмауына әкелді. Шетелдік инвесторлардың баюы және ұлттық валютаның құнсыздануы жағдайында отандық тауар өндірушілерінің банкроттары орын алды.

Қазақстандағы біріккен кәсіпорындар саны 1300 –ден асқанымен тек 2000 жаңа жұмыс орны ашылды. Мысалы кіші Сингапур алғашқы кезеңдерде ашылған жұмыс орындар саны 70 мыңға жетті.

Экономикада төртінші кезеңнің басталуы нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табу үрдісінде мемлекеттің ролін күшейту қажет. 1997 жылдан бастап инвестициялау үрдісі және оның мазмұнында терең өзгерістер орын алды, атап айтсақ, негізгі капиталға инвестициялар көлемі ұлғайды. Көлемдердің өсуі 1/3 көрсеткішке жетіп 2 млрд.дол. құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіші Ақмола облысында (5 есе), Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияларда шетел инвестицияларының үлесі 1996 ж. 13,5%, 1998 ж. 25% -ға өсті.

Дегенмен өндірістік аппарат құлдырау кезеңінде заводтар және фабрикалардың тоқтауы және жабдықтардың тозуымен нәтижелігінің төменделуімен сипатталады. Кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің 1990ж. деңгейге қайтарылуы үлкен көлемде инвестициялар қажет етеді. Оның үстіне халықтың табыстарынан қалыптасқан жағдай өте жағымсыз, себебі жанбасына шаққандағы нақты табыс, қолдағы ақша ресурстарының аздығы, жұмысшының номиналды орташа жалақысының, тағайындалған орташа зейнетақылардың көлемі, олардың сатып алу қабілеті — өмір сүруге қажетті минимумнан төмен.

Реформа салдары ретінде мемлекеттік кәсіпорындардағы меншігі 25%-ға дейін төмендеді (1995ж. салыстырғанда 2 есе қысқарды). Шетелдік меншік түріндегі кәсіпорындардың көлемі керісінше, 1995ж. 6,3% 1998ж.  46%-ға дейін өсті .

Республика экономикасына салынған инвестициялардың елдер бойынша құрылымы төмендегідей: Корея -40%, Китай, Великобритания — 12%. Барлық инвестициялардың 49,2% тіке, 1% — портфельдік, 28% — кредиттік құралдар, 22% — халықаралық қаржы ұйымдарының заемдарынан тұрады.

Елімізде шетел инвестициялары үшін ең тартымды болып минералды-шикізаттық кешен болып табылады. Қазір бұл кешенге 3 млрд.дол. инвестицияланды. Бұл кешен ішінде инвестициялардың таралу көрсеткіштері төмендегідей: 65% — қатты пайдалы қазбаларды өндіруге,  34% — көмірсутек шикізатына бағытталған. Жалпы инвестициялар көлемі ішінде: 52% — көмір және мыс, 17% — темір рудасын, 12% — полиметалдар, 8% — алтын өндіруге бағытталады.

Қазіргі ТМД елдеріндегі инвестициялық үрдістің ерекшклігі инвестициялық климаттағы өзгерістердің бәсекеге ықпал етуімен сипатталады. Қазақстан 90жж. басында инвестициялық тартымдылық бойынша 133-135 орында болса, 1997ж. 127 орынға шықты. Осындай жағдаймен тіке инвестициялар көбейіп экономиканың жандануы орын алады .

 

Негізгі әдебиеттер 

  • Международная экономика, А. Киреев- М.: «Международные отношения», 1998г, часть 1, стр. 285-308.
  • Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, М. Байгісиев,- А.: «Санат», 1998 жыл, 39-53 беттер.
  • Кәсіпорын экономикасы , оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, — А.: «Экономика», 2002 ж., 48-59 беттер.
  • Макроэкономика, оқулық, Р. Дорнбум, С. Фишер, А.: ҚазМБА, 1997жыл, 197 бет.
  • Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, Н.Қ.Мамыров, — А.: «Санат», 1998 жыл, 39-52 беттер.
  • Халықаралық экономикалық қатынастар, Р.Е.Елемесов, —   А.: «Қазақ университеті», 2002 жыл, 100-107 беттер.

Қосымша әдебиеттер

  • Инвест Казакстан, 2005 жыл, 1-2 басылым, 70-72 беттер.
  • Инвестиции, Н.Л. Маренков, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003г, 5-67 стр.
  • Инвестиционная стратегия, В.А. Чернов, М.: «ЮНИТИ», 2003г, 10-11 стр.
  • Интернет, goggle.kz
  1. Политическая экономия. Экономическая энциклопедия.- Москва.,

Наука., 1968. – 1 т. 745с.

  1. Менеджер. – Москва., Наука., 1993. — 238с.
  2. Макконнэлл К., Брю С., Экономикс.- Москва., Наука., 1993.- т1.,- С17.

8.Попов Е., Бородаевский А., Экономические права человека: рынок труда          и собственность   // МЭиМО., -1991.- №7.

  1.     Закон РК от 27.12.1994 г. N 266-Xlll «Об иностранных инвестициях».
  2.    Закон Республики Казахстан 28 февраля 1997 года N 75 ЗРК «О государственной поддержке прямых инвестиций».
  3.          Указ Президента Республики Казахстан от 5.04.1997 г. N 3444 «Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций»
  4.      Указ Президента Республики Казахстан от 06-03.2000 года «Об утверждении Правил предоставления льгот и преференций при заключении контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики»
  5.          http://www.gazeta.kz от 27.10.2003г.

14.»Статистическое обозрение Казахстана,№1″ 2000г.

  1.   Таблица поступления прямых иностранных инвестиций в Республику Казахстан. http.//www.president.kz.
  2.   Список прямых инвестиций в экономику РК. http.//www.president.kz