Ипотекалық несие қоржыны 1,16 трлн теңгені құрады

пәтер
Фото: Kn.kz

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — 2017 жылы соңғы он жылдықта алғаш рет ипотекалық несие нарығы 10 пайызға өсу қарқынын еңсерді. Қыркүйектің қорытындысы бойынша халыққа тұрғын үй сатып алуға және салуға арналған банктік несие қоржыны 1,16 трлн теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қыркүйегіне қарағанда 13 пайызға артық.

Ипотекалық кредиттерге сұраныстың күрт өсу факторларының бірі ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру механизмі болды. Қазақстандық ипотекалық несие берушілер тұрғын үй несие шарттарын қайта құру және несиелік жүктемені 20 пайызға төмендету арқылы ай сайынғы ипотекалық төлемдердің құнын айтарлықтай төмендете алады.

Қазіргі уақытта ипотекалық несиелеу нарығында 32 ЕДБ-тен 7 банк жұмыс істейді.

Ең төменгі тиімді мөлшерлемені Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынады. Ол басқа ЕДБ-дегі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін ЖТСМ-ден тұрғын және аралық тұрғын үйге байланысты қарыздар  береді. Тиісінше 3,6 пайыздан және 8,9 пайызға дейін. Бұдан кейін Халық банктің 14 пайыз және Алтын банктің 14,95 пайыздық мөлшерлемесі бар.

Сегменттің 300 айға дейінгі максималды кредит мерзімін ТҮҚЖБ ұсынады. Содан кейінгі кезең 240 айға дейін (Халық банкі және Сбербанк). Сондай-ақ, Алтын банкінен 239 айға дейінгі мерзімге несие алуға болады.

Нарықтағы 100 млн теңгеге дейінгі несиенің ең жоғарғы мөлшерін 3 ЕДБ көрсетті. –Олар: ТҮҚЖБ, Алтын банк және АТФ.

Сонымен бірге, үй шаруашылығына арналған ипотекалық несие айтарлықтай өсті. 2017 жылдың екінші тоқсанынын аяғында 193,7 мың теңгені құрады. Өткен тоқсан бойынша өсім 1,1 пайыз, бір жыл ішінде 15,4 пайызды көрсетті.