Иран Қазақстаннан 950 тонна уран концентратын сатып алады

Фото: atomic-energy.ru

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Иран алдағы үш жылда Қазақстаннан 950 тонна уран концентратын сатып алуды жоспарлап отыр және ядролық отын өндірісі үшін Ресейден көмек сұрамақ. Бұл туралы ИСНА агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, 650 тонна уран концентраты екі кезең арқылы алдағы екі жылда Иранға жеткізіледі. Ал 300 тонна үшінші жылы сатып алынады. Содан кейін сапасы арттырылған соң Қазақстанға қайта жібіріледі. Бұл туралы Иранның атом энергетикасы жөніндегі ұйымның басшысы Али Акбар Салехи мәлімдеді.

Оның сөзінше, Тегеран бірлескен іс-қимыл жоспарды жүзеге асыру жөніндегі комиссия мүшелерінің (АҚШ, Франция, Германия, ҚХР және Ресей) бесеуінің келісімін алды. Енді Ұлыбританияның жауабын күтіп отыр.

«Ядролық мәміленің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын комитет мүшелерінің бесеуі жазбаша келісімін берді, бірақ Ұлыбритания соңғы сәтте шешімін өзгертті», — деді Али Акбар Салехи.

Сондай-ақ, ол Иран мен Ресей арасында ядро отынын бірлесіп өндіру жоспарын бекітілгенін атап өтті.