Ішкі туризмді таңдайтын қазақстандықтардың саны артты

19
ішкі
Фото: tvori-dly-dushi.ru

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылы ішкі туризм саласында қызмет көрсетілген келушілер саны 5,6 млн-нан 5,9 млн-ға дейін артты. Олардың ішінде орналастыру орындары 4,7 млн адамға қызмет көрсетті, деп хабарлады Energyprom.

Есептік кезеңде, шипажай-курорттық мекемелермен қызмет көрсетілген туристер саны 296,9 мың адамды құрады — 2017 жылы 285,8 мың адам. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды таңда,ан туристер саны 2018 жылы 871,9 мың адам болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 889,6 мың адамды құрады.

Қазақстандықтарды, сондай-ақ елдің шетелдік қонақтарын қабылдауға дайын орналастыру орындарының саны 2018 жылы 2,99 мыңнан 3,32 мыңға дейін артты. Ең көп саны басты туристік өңірлерде: Шығыс Қазақстан (537), Алматы (519) және Ақмола (287) облыстарында шоғырланған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша курорттық аймақтарда орналастыру орындарының саны бір жыл ішінде 10,4%-ға, 900 бірлікке дейін өсті.

Сондай-ақ, Қазақстанда маркетингтік коммуникациялардың тиімділігін арттыру үшін басты басым туристік аумақтар анықталды — бұл Алматы тау кластері, Нұр-Сұлтан, Щучье-Бурабай курорттық аймағы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалқар-Имантау курорттық аймағы.

2019 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар мен ел қонақтары үшін қонақ үйде тұру орташа есеппен 10,4 мың теңге болды. Бір жыл ішінде баға 10,6%-ға өсті.

Алматы (тәулігіне 18,6 мың теңге), Нұр-Сұлтан (14,9 мың теңге) және Орал (13,1 мың теңге) қалаларында қонақ үй қызметінің ең қымбат бағасы тіркелді.

Санаторийлердің қызметтері тәулігіне орташа есеппен 10,1 мың теңгені құрады. Ең жоғары бағалар Нұр-Сұлтанда (тәулігіне 14,8 мың теңге), Алматыда (тәулігіне 13,2 мың теңге) және Қызылордада (11,3 мың теңге) белгіленді.

Айта кетейік, елде ішкі туризмді дамыту үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1 + 2» схемасы бойынша (бір ата-ана үшін — екі бала, билеттер ел ішінде ұсынылады) kids go free принципімен балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда.