Юрий Шатунов қайтыс болды

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. 7kun.kz – «Ласковый май» тобының солисті Домодедово ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы бірқатар ресейлік БАҚ өкілдері хабарлады.

Дерккөздердің хабарлауынша, ол жүрек ауруымен ауырған.

Әнші 48 жаста еді.

Юрий Шатунов 1973 жылы Башқұрт АССР-де дүниеге келген. Ата-анасы үш жасында ажырасып, 11 жасында анасы қайтыс болды. Ол жастық шағын балалар үйінде өткізді.

1986-1991 жылдары Ласковый Май тобының солисті болды. Ол «Белые розы», «Лето», «Пусть будет ночь», «Седая ночь», «Ну, что же ты…» және т.б хиттердің орындаушысы.