Jusan Bank банк иелеріне 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Jusan Bank 5-ші желтоқсанға жоспарлаған акционерлер отырысында, банк иелеріне 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz DALA INSAID-телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бүгін мәжілісте «Банк қызметі туралы» заңнамаға өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.  Онда банктер капиталының ашықтығын арттыру және олардың мемлекет көмегінен дивидендтер төлеуін шектеу жөнінде шұғыл шешімдер айтылды.

«Депуттаттардың бұлай тез қимылдауына «Jusan bank»-тің тікелей қатысы бар. Банк өзінің 5-ші желтоқсанға межелеген акционерлер отырысында, қожайынларынв 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін. Біршама сарапшылар мен депутат Қанат Нұров Жусан банктің оған моральді құқығы жоқ деген пікірде. Себебі, Жусан банк мемлекет көмегін пайдаланды және оның біршама бөлігін өзіне кіріс ретінде санатып, дивиденд арқылы акционерлері алып алды», – деп жазды телграм-арна.

Басылым жазуынша, 2019-2020 жылдары Jusan Bank-тан оның қожайындары дивиденд ретінде 227 миллиард теңге алған. Енді, 2021 жылдың қортындысы бойынша банк акционерлері тағы да 172 миллиард теңге дивиденд алуға әрекеттенуде.

Мемлекеттің аталған банкке көмегі 1,5 триллион теңге деп бағаланады және оның алдында банк басқармасы осы көмекті біртіндеп қайтарамыз деп уәде берген болатын.