Jusan Bank Kcell ұялы байланыс операторының 9,08% акциясын сатып алды

25

First Heartland Jusan Bank Kcell ұялы байланыс операторының 9,08% акциясын сатып алды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Банк таратқан ақпаратта акциялар KASE ашық сауда -саттығында еркін конкурстық негізде сатып алынғаны туралы айтылған.

«Қазақстанның жетекші Kcell ұялы байланыс операторының акцияларын сатып алу жоғары технологиялық платформаларды дамытуға бағытталған Jusan қаржылық тобының стратегиясына сәйкес келеді»,-дейді Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайыпов.

Jusan Bank 2019 жылы ірі қазақстандық Цеснабанк мен First Heartland Bank банкінің бірігуімен 2019 жылы құрылды. Цеснабанк Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік Мектептері мен Назарбаев Қоры ұйымдарының тобына тиесілі First Heartland Securities инвестициялық компаниясына берілді.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша «First Heartland Jusan Bank» активтері бойынша 23 қазақстандық банктің арасында 7 -ші орында.