Экономика
ҰҚК: Төлешов билікті басып алу үшін жерге қатысты митингтерді ұйымдастырған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2016 жылдың сәуір-мамыр айында болған митингтерді бизнесмен Тоқтар Төлешов ұйымдастырған деп мәлімдеді. Ол тұрақсыздық орнату арқылы мемлекет билігін басып алуды көздеген.
«Төлешов өзінің билікті басып алу жоспарын жүзеге асыру үшін алдымен елдегі жағдайға тұрақсыздық орнатпақ болған. Бұл бойынша ол 2005 және 2010 жылдары қырғыз елінде болған оқиғаларды негізге алған. Ол Қырғызстанға арнайы барып барлық қажетті материалдарды жинастырған", - деді ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев.
«Ол билікке жаппай тәртіпсіздіктер мен халықтың наразылығын туғызу арқылы келу керек деген болжам жасап, мұның ең оңай жолы ретінде Қазақстанның батысын таңдайды. Себебі Төлешов батыста өзінің ойын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін наразылық топтары бар деп сенеді. Осылайша ол вице-президент, одан соң мемлекетті басқаруды жоспарлаған", - деді ол.
ҰҚК мәліметінше, Төлешовтың дайындық процесі өткен жылы басталған. Оның жанында жүргендердің айтуынша, Төлешов өзінің сенімді адамдарының біріне Атырау қаласының тұрғындарына жер мәселесіне қатысты құжаттар пакеті мен қомақты қаражат беруді тапсырған. "Осының салдарынан сәуір және мамыр айында Атырау және қаласының тұрғындары тыйым салынбаған митинг ұйымдастырды. Төлешовтың көмекшілерінің бірі наразылық акциясын ұйымдастыру кезінде болған кейбір шығындарға өз еркімен 50 мың доллар берген», - деді Қарасев.