KASE: доллар бағамы 307,53 теңге болды

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясы кезінде доллар бағамы 307,53 теңге болды. Бұл туралы биржа сайтында жазылды.

Теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы 307,53 теңгені(+8,61 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 116 650 мың долларды құрады.

Еске салайық, доллар курсы қыркүйек айының ортасында 300 теңгеге өсіп, антирекорд орнатты. 5 қараша күні шетел валютасы қайтадан 300 теңгеге жетті. Бұған дейін доллар бағамы 284,27 теңгені құраған болатын.