Kaspi Bank долларлық депозит мөлшерлемесін өзгертті

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Kaspi Bank 2017 жылғы 1 шілдеден бастап АҚШ долларындағы  депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін 1 % мөлшерінде белгіледі. Бұл туралы банк әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Банктің хабарлауынша АҚШ долларындағы сыйақы мөлшерлемесін 1 %-ға дейін азайту бірінші кезекте ҚР Ұлттық Банкінің саясатымен тығыз байланысты. «Ұлттық Банк барлық банктер үшін базалық мөлшерлемені жоспарлы түрде азайтып, Қазақстан экономикасындағы шетел валютасының көлемін азайтуға ұмтылып отыр», делінген хабарламада.

Өзгеріс тек долларлық депозит бойынша, ал теңгедегі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 12% мөлшерінде өзгеріссіз қалдырылаған.