Kaspi.kz суперқосымшасы қосымшасы енді AppGallery Huawei-де

59

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2020 жылдың тоғыз айында электрондық транзакцияның саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе өскен.

Қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілген операциялардың негізгі үлесін интернет-банкинг пен мобильді банкинг құрайды: 81%, немесе 18,1 трлн тг. Өсім аясында әлемдегі үшінші ең ірі қосымшалар маркетплейсі AppGallery қауіпсіз онлайн-сервистердің экожүйесін жасауды жалғастырып келеді. Қараша айында AppGallery-ге төлем, электрондық коммерция және қаржы қызметі қамтылған еліміздегі ең танымал Kaspi.kz үздік қосымшасы қосылған болатын.

AppGallery қосымшалар дүкені 170-тен астам ел мен аймақты қамтиды, 600 миллионнан астам HUAWEI пайдаланушыларына қызмет көрсетеді. 2018 жылдың сәуір айында AppGallery-ді ресми түрде іске қосқан кезден бастап жүйені ай сайын белсенді түрде пайдаланушылардың саны 400 миллионнан асып кетті. 

Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі Huawei Device директоры Фан Джинйонг:

«Huawei аймақтың ерекшеліктеріне бейімделген қауіпсіз экожүйені ұсыну үшін жергілікті әзірлеушілермен жұмыс жасауды жалғастырып келеді. Біз Kaspi.kz-ке өзіміздің маркетплейске қош келдіңіз дейміз және компания интернет-банкинг пен онлайн зат сатып алу үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету идеяларымен бізбен бөліскеніне қуаныштымыз. Енді Huawei пайдаланушылары Kaspi.kz қосымшасын сыртқы ресурстар арқылы іздемейді және олар Huawei AppGallery-ден Kaspi.kz қосымшасын тез әрі қауіпсіз жүктей алады. Біздің тұтынушыларымыз алғашқылардың бірі болып акциялар туралы біле алады, заттарды тиімді сатып ала алады, басқаша айтқанда Kaspi.kz қосымшасын толыққанды пайдалана алады».

Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Kaspi.kz – Қазақстандағы ең танымал үздік қосымша, оның көмегімен біздің 8.5 миллионнан астам сүйікті клиентіміз тура өз смартфонының экранынан тиімді зат сатып алады, төлем жасайды және өз қаржысын басқарады. Пайдаланушылар біздің қосымшамызды Huawei телефондарына орнатқан кезде оның толыққанды функционалын алуы үшін, Huawei командасымен бірге біздің командамыз бірлескен әзірлемелер жасады».

Kaspi.kz үздік қосымшасының клиенттердің арасында ақша аудару, халықаралық ақша аударымдары, интернет-дүкен, төлем сияқты барлық функциялары және басқа да көптеген функциялары пайдаланушыларға қолжетімді болады. Huawei әзірлеушілері қосымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өздерінің шараларынан бөлек, жасанды интеллект жүйесін пайдаланып, ескерту қорғанысының арқасында Huawei смартфондарында қауіпсіздік жүйелерін жетілдіріп жатыр. 

ақшасыз тәсілмен жүргізілген операциялардың негізгі үлесін интернет-банкинг пен мобильді банкинг құрайды: 81%, немесе 18,1 трлн тг. Өсім аясында әлемдегі үшінші ең ірі қосымшалар маркетплейсі AppGallery қауіпсіз онлайн-сервистердің экожүйесін жасауды жалғастырып келеді. Қараша айында AppGallery-ге төлем, электрондық коммерция және қаржы қызметі қамтылған еліміздегі ең танымал Kaspi.kz үздік қосымшасы қосылған болатын.