Kaspi.kz-тен Kaspi Жұма. Барлығын 24 айға дейін бөліп төлеу

1176

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — 17 және 18 қарашада Қазақстанда тұңғыш рет — Kaspi.kz-те Kaspi  Жұма  ерекше акциясы  өтеді. Екі күн бойы әрбір қазақстандықтың Kaspi.kz-тегі Магазиннен 30 000 тауардың кез-келгенін 24 айға дейін артық және алдын ала төлемсіз, бөліп төлеу шартымен алуға мүмкіндігі бар.

«Біз сүйікті клиенттеріміз үшін ерекше бір нәрсе жасағымыз келді», дейді  Kaspi Bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

«Көптеген елдерде онлайн сатып алуға арналған үлкен мерекелік шаралар бар. АҚШ-та мұндай мерекені Amazon, Қытайда Aliexpress ұйымдастырады. Біз де Қазақстанда өз мерекемізді — Kaspi Жұма-ны өткізуді шештік. Kaspi Жұма бұл бөліп төлеуді ұнататындарға арналған сыйлығымыз, әрбір қазақстандық Kaspi.kz-тегі кез-келген тауарды 24 айға дейін артық және алдын-ала төлемсіз бөліп төлеу шартымен сатып ала-алады».

Kaspi Жұма 17 қараша, жұма күні басталып, сенбі 18 қараша күні де жалғасады.