Каспий құбыр желісі консорциумы мұнай экспортын ұлғайтты

құбыр
Фото: oilcapital.ru

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz – Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) 2018 жылдың қаңтар-қазанында 49,974 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл, 2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 11,28% көп, — деп хабарлайды КҚК баспасөз қызметі.

Биыл қазан айында мұнай экспортының көлемі 5,112 млн тоннаны құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4,654 млн тонна болды.

Каспий құбыр желісі консорциумы Ресей аумағы арқылы қазақстандық мұнайды экспорттауға және құбыр құрылысы үшін бекітілген. КҚК қашықтығы 1,5 мың шақырымды құрайтын «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырына ие.  Ол Қазақстанның батысындағы кен орындарын Ресейдегі Қара теңіз жағалауымен байланыстырады. КҚК 2017 жылы 55,107 млн тонна мұнай экспорттаған. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 24,4% көп.

КҚК акционерлері: Ресей (Транснефть — 24% және КТК Компани — 7 %) — 31%; Қазақстан (Қазмұнайгаз — 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%) — 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%; LUKARCO B.V. — 12,5%; Mobil Caspian Pipeline Company — 7,5%; Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%; BG Overseas Holding Limited — 2%; Eni International N.A. N.V. — 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%.